Бүгін «Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ іс» тақырыбында «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі менеджерлерінің, дін және этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерінің, мешіт имамдарының, облысқа қарасты дін істері басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен келелі кездесу өтті.
Рухани жиында жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған Үлгілік базалық бағыт-4 жобасымен таныстырып, негізгі бағыттары мен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын түсіндірді.
Игі басқосуда асыл дінімізде пара алу мен пара берудің, делдал болу мен пара ұсынудың өтемі ауыр екендігі кең баяндалып, адал ризықпен келген ас-тағамның маңыздылығы мен оңай олжаның берекесіздігі ортаға салынды.
Қызмет газеті
Leave a Reply