Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкциялық қысымға қосылып, оның мүдделеріне нұқсан келтіретін қадамдарға баруға ниетті емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді.
«Біздің ел, әрине, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен енгізілген санкцияларды қоспағанда, санкцияларды мемлекетаралық қарым-қатынаста қысым жасау құралы ретінде қолдануға дәстүрлі түрде қарсы. Тәжірибе көрсеткендей, кез келген экономикалық немесе саяси санкцияларды пайдалану Осыған байланысты Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкциялық қысымға қосылып, Ресейдің мүдделеріне қайшы келетін және біздің әріптестік рухымызға қайшы келетін қадамдарға баруға ниетті емес», — деді Мұхтар Тілеуберді.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply