Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін бе?

Қарашөкеев бидайдың әлемдік бағасы өсіп келе жатқанын жоққа шығармады.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бидай бағасы өсіп жатыр, енді нан қымбаттай ма? Қазақстанда ұн тапшылығы бола ма?»- деп сұрады журналистер Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Қарашөкеев бидайдың әлемдік бағасы өсіп келе жатқанын жоққа шығармады.

«Елде бидай қорын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» қалыптастырды. Біз қазір нан бағасын ұстап қалу үшін өңірлерге арзандатылған астық жеткізуді қамтамасыз етіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нан бағасының өсуіне негіз жоқ, болмайды да. Себебі ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін біздің мүмкіндігіміз жеткілікті», — деп жауап берді министр.

QyzmetAqparat

Website:

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика