Былтырғы 12 қазанда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен «ДЕНІ САУ ҰЛТ» деп аталатын әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫбекітілгенінен хабардар боларсыз. Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға есептелген.
Ұлттық жоба 4 бағыт бойынша іске асырылады. Олар:
Осы орайда, газетіміздің осы санынан бастап Шымкент қаласында «Дені сау ұлт» жобасы аясында атқарылып жатқан шараларға назар қойып, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан шаруаларды оқырман назарына ұсынып отыруды жөн санап едік.
Бала денсаулығы
БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАНЫНАН АЛҒАШ РЕТ СӘУЛЕЛІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Шымкентте алғаш рет «Асар» шағын ауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында сәулелі диагностикалық орталық ашылды. Бүл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының фейсбуктегіпарақшасы хабарлаған. Орталықтың ерекшелігі сол, мұндағы мамандар қажеттілікке байланысты кішкентай пациенттерді көрсеткіштеріне қарай МРТ, КТ сындыаппараттардан диагностикалық тексеруден өткізе алады.
Жаңадан ашылған орталық соңғы заманауи үлгідегі емдеу-диагностикалық жабдықтармен қамтылған. Мұнда науқастар МРТ, КТ, Рентген, УДЗ, ЭКГ, ЭЭГ-сынды аппараттары арқылы тексеруден өте алады.
– 2021 жылы ауруханаға жергілікті бюджет есебінен МРТ 1,5 «Тесла» аппаратын алған болатынбыз. Сол аппарат жұмысқа толығымен іске қосылды. Мұнан бөлек, қажетті жабдықтардың барлығы бар, Сәулелі диагностикалық орталықта пациенттерге уролог, травматолог, нейрохирург, пульмонолог, аллерголог, ревматолог, отолариноларинголог, невролог, кардиолог сынды бейінді мамандары қабылдап, қажетті медициналық көмек көрсетеді. Емханадан келген жолдама арқылы тексеру жұмыстары тегін жүргізіледі. Қазір мамандар күніне 150-ге жуық пациентті қабылдауда,-дейдіқалалық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байдуллаев.
Балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне түскен науқастар денсаулық қажеттілігіне байланысты сәулелі диагностикалық орталықтакезексіз тексеруден өтеді. Мұнан бөлек, күндізгі стационарда ем алуына жағдай жасалған.
Айта кетейік, 2020 жылдан бастап қалалық клиникалық балалар ауруханасында педиатриялық көмекті орталықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауруханада онкогематология, хирургия және травматология бөлімшелерінен, балалар торакальды хирургиясы, урология, балалар нейрохирургиясы, комбустиология (күйік жарақаты), ЛОР, кардиолог, эндокринолог мамандары дайындалып, қайта бейімдеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде жаңа туған нәрестелерге сапалы нейрохирургиялықоперациялар жасалып жүр. Сондай-ақ, нейроэндоскопиялық операциялар мен туа бітті және жүре пайда болған сколиоз дертіне ота жасау қолға алынды. Нәтижесінде ауыр дертке шалдыққан науқастарды Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына жібермей-ақ балалар дәрігерлері күрделі оталарды өздері жасап, оң нәтижеге қол жеткізуде.
Медициналық жетістіктер
АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІН ТӨМЕНДЕТУГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН АППАРАТ
Жарты ғасыр бұрын құрастырылған «Арыс МТ» аппараты әлі де сыр бермей, әлі де емдеу жұмыстарын толық жүргізуге қауқарлы.Шымкентте дәрігерлер түрлі дәрежеде уланған науқастарды Орта Азияда теңдесі жоқ құрылғымен емдейді.
Медицина мамандары қырық жылдан астам уақыттан бері «Арыс МТ» атты барокамера кешенінің көмегімен ауыр жағдайдағы күйік шалған науқастарды емдеп, ажалдан арашалап жүр.Әуе ұшағына ұқсас жасалған апараттың ішінде дәрігерлер бір мезетте терапиялық ем жасап қана қоймай, ота да жасайды.
«Арыс МТ» құрылғысы бір қарағанда үлкен әуе ұшағына ұқсайды. Барокемара ішінде күйік шалған, түрлі дәрежеде уланған, қан қысымы көтерілген, қант диабеті сынды сырқатқа шалдыққан пациенттерге терапиялық емдеу жұмыстары жүргізіледі. Оттегімен қамтамасыз ететін кешеннің ішінде хирургиялық ем жасауға да болады.
– Бұл кешен екі блоктан тұрады. Біріншіблокта емдеу, екіншісінде операция жасауғаболады, — дейді Т. Орынбаев атындағыгипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермағанбетова.
«Арыс-МТ» операциялық-терапиялықбарокешенінінде дәрігерлер 40 жылдан аса науқастарға медициналық көмек көрсетіп келеді. Ал, 1994 жылы дәл осы аппараттың ішінде ауыржағдайдағы жүкті әйелдерге кесір тілігі отасыжасалып, ана мен бала өлімі көрсеткішінтөмендетуде үлкен жетістікке жетті. Әлі де мұндажүкті әйелдерге емдеу жұмыстары жүргізіледі.
Мұнда Орта Азияда теңдесі жоқ құрылығыныңкөмегімен дәрігерлер күйік шалған және уланғанауыр жағадайдағы мыңдаған науқастың өмірін аманалып қалған.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply