Үйірме Бала қиялын дамытуға құмыра жасау көмектеседі

Бүгін де балалардың қызығушылықтарын зерттеп,оны дамыта білу баланың болашағы үшін үлкен-ЕҢБЕК. Ән,би,күрес түрлі спорт салаларымен қатар,қолөнердің де ендігі жерде дамып келе жатқанын байқаймыз. Шымкент қаласында қыш-құмыра орталығының жұмыс істеп келе жатқанына да бір жылдан асты. Осы өнерді насихаттап жүрген Гүлнұр ханым өзінің жеке орталығын қаланың қақ ортасынан ашып,халыққа тиімді бағада, үйірме жүргізіп отыр. Мұнда келген балалар саз балшықтан құмыра жасап,оны арнайы пеште күйдіріп, тұрмыстық өмірге жарамды құмыра, кесе,түрлі бұйымдар жасап алып кетіп жүр. Пайдасы орасан болған саз балшықты қолға ұстағанда, ұсақ жасушалардың ашылуына және сезім қабілетінің дамуына әсер ететінін бүгінде ғалымдар дәлелдеп отыр. Биылғы жазда осы орталықтың ашылғанына 1 жыл толды. Мерекеге арнайы байқау ұйымдастырып,балалардың қабілетін шыңдады. Мектеп жасындағы балалар қолдарынан келген,ерекше туындыларды    жасап,әділ-қазы алқаларын таң қалдырды. Креативті идеяларға толы болған байқау соңында оқушылар арнайы орындармен марапатталып,сый-сияпатқа ие болды.Бас ұйымдастырушы Гүлнұр ханым, алдағы уақытта кеңінен қалалық байқау ұйымдастыратынын айтты. Сонымен қатар,өнерлі балалардың басын қосатын үйірмеге қаламыздың барша жастарын шақырады. Жас келсе іске…

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика