Жазғы демалыстың бірінші маусымында 1 миллионнан астам қазақстандық оқушы сауықтыру лагерлерінде демалып жатыр.
Балаларға арналған қала сыртындағы, мектеп жанындағы, киіз үй және шатыр лагерлері жұмыс істейді.
Балаларды сауықтыру мекемелерінде ең ал-дымен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, яғни мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін демалады. Сон-дай-ақ жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға тегін жолдамалар беріледі. Балалардың қала сыртындағы лагерлерде демалуын және сауықтырылуын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қам-тамасыз етіледі.
Әр балалар лагерінің өз бағдарламасы бар, бірақ барлығының тақырыбы бірдей болады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жазғы демалыста балалардың демалысын, бос уақы-тын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасын әзірлеп, өңірлерге жіберді. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиевтың айтуынша, тұжырымдамада әр түрлі апталық тақырыптар мен бағыттар бар. Балалар үшін сауықтыру, білім беру, экологиялық, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағытындағы бағдарламалар әзірленген.
Балалар мен ата-аналарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында биыл bala-demalys.kz балалар сауықтыру лагерлерінің ин-терактивті картасы, сайт және мобильді қосым-ша іске қосылған.
«Қызмет» — ақпарат
Leave a Reply