Мезгіл мәселесі Балалар шомылатын су деңгейі 0,7-ден 1,3 метр болуы шарт

   Жағажай оқшауланған учаскеде, айлақтардан, шлюздерден, гидроэлектр станцияларынан, сарқынды суларды жіберу орындарынан, малдың қорасы мен суатынан алыста немесе көрсетілген ластану көздерінен жоғары орналастырлады.

    Су қоймасының түбі ұйық, балдырлары, бұжыр ағаштары, үшкір тастары жоқ, құмды болып таңдалады. Балалардың шомылатын орындарындағы су қоймасының тереңдігі 0,7-ден 1,3 м-ге і дейін құрайды.

    Жағажайды күннен қорғайтын қалқалармен, жатақтармен және отырғыштармен жабдықтауға жол беріледі.

Аумақта киім ауыстыратын кабиналар, САҚ немесе биодәретханалар, қоқыс жинауға арналған жәшіктер бірі-бірінен 40 м аспайтын қашықтықтаорнатылады, олар таза ұсталады.

  Жағажай ересектер мен балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын құрылғыларымен, сондай-ақ емшараларды дозалап қабылдау үшін солярийлермен, аэрарийлермен жабдықталады.

     Шомылу маусымы басталар алдында объектінің әкімшілігі су қоймаларына санитариялық-химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізуді және топыраққа паразитологиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Шомылуға арналған су бетінің шекарасы ашық түсті, жақсы көрінетін қалқитын белгілермен белгіленеді.

    Жыл сайын жағажайда таза құм, малта тас себіледі. Құмды жағажайларда аптасына бір реттен сиретпей жиналған қалдықтарды шығара отырып, құмның беткі қабатына механикалық қопсыту жүргізіледі.

     Адамдардың шомылуына арналған орындарда киім-кешекті жууға және жануарларды шомылдыруға жол берілмейді. Сонымен бірге шомылу үшін бассейндерде пайдаланылады, бассейнде суының тазалығын, шомылушылар мен қызметкерлердің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажет, бассейн суы рұқсат етілген жуу-тазалау және залалсыздандыру құралдары қолданылып, уақытылы залалсыздандырылуы тиіс.

     Жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Ол үшін материалдық- техникалық базаны дайындау, сумен қамту, кәріз жүйелерін жақсарту, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығын қадағалау қажет.

     Объектінің аумағында орналасқан жағажайды және су қоймаларының жағалау аймағын қауіпсіздік мақсатында объектінің әкімшілігі бақылап отырады.  Объектілердің аумағын санитариялық абаттандыру бойынша іс-шаралар (кәрізбен жабдықтау, су өткізбейтін шұңқыр қондырғылары, жер бетіндегі суағарларды бұруды ұйымдастыру су көзінің су сапасының нашарлауына әсер ететін немесе әсер ете алатын себептер, су көзінің орналасы ауданындағы қатты және сұйық қалдықтарды жою тәсілдері мен орындары; суқойманы ластайтын тұрмыстық, өндірістік ағындылардың бар болуы, жіберілетін ағынды сулардың көлемі, оларды тазарту қондырғылары мен орналасқан жерлері; ағындыларды жіберу орнынан бастап су жинауға дейінгі арақашықтық, су көзінің ластануына әсер ететін басқа себептер (кеме қатынасы, ағаш ағызу, суат, қыста қоқысты мұзға тастау, шомылу, су спорты, мелиорациялық жұмыстар, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен улы химикаттарды пайдалану); су көзінің ластануы, судың құрамында ауру тудыратын қоздырғыштардың (микробтар, вирустар, гельминттер) болуына әкеледі. Аталған қоздырғыштың  нормадан асуы өз кезегінде міндетті түрде су арқылы таралатын өткір ішек, паразитарлық  және аса қауіпті жұқпалардың таралу қаупін туғызуы мүмкін. Өз денсаулығыңызбен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз!

К.БАЙМУСАНОВА,

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының

СЭББ санитариялық- гигиена

бөлімінің бас маманы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика