Саулығыңызды сақтаудың жолы Дене белсенділігін арттыру

    Дене белсенділігі – бұл дене жəне психикалық денсаулықты жақсартудың тиімді жолы. Денсаулықты нығайтатын дененің кез-келген қозғалысы дене белсенділігі болып табылады. Мысалы, спортпен, үй жұмыстарымен жоспарлы айналысу, үй ауласында жұмыс жасау.

Білесіз бе? Белсенді өмір салтымен айналысатын адамдар күрделі ауруларға аз шалдығады. Өйткені, дене белсенділігі қорқу сезімін төмендетеді, күйзеліспен күресуге көмектеседі, ұйқыны жақсартады және көңіл-күйдің субъективті бағасын да көтереді. Мұның барлығы біздің денсаулығымызға оң ықпалын тигізетіні белгілі. Ал, аз қозғалу өмір салты керісінше жүрек ауруларының туындау тәуекелін екі есе ұлғайтылды.

Үнемі денені шынықтырудың өмір сапасын жақсартуда маңызы зор. Жүйелі дене белсенділігі көптеген аурулардың алдын алудың ең тиімді әдісі болып табылады.

Тұрақты дене белсенділігі:

-бұлшық еттің, жүрек және тыныс алу жүйесінің, сүйектердің жағдайын және функционалдық денсаулықты жақсартады;

-гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, диабет, обырдың әр түрлері, депрессия, жамбас мойны мен омыртқаның сыну қаупін төмендетеді;

-энергетикалық алмасуды қолдайды және қалыпты салмақты ұстайды;

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын дене белсенділігімен айналысу принциптері:

• 5-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер дене белсенділігіне күніне кемінде 60 минут уақыт бөлу керек;

• қаңқа-бұлшық ет жүйесін дамытуға бағыталған дене белсенділігімен аптасына үш рет айналысу керек;

• 18-64 жас аралығындағы ересек адамдарға дене белсенділігіне кемінде 150 минут уақыт бөлу керек;

• 65 жастағы және одан да үлкен жастағы ересек адамдарға аптасына дене белсенділігіне 150 минут немесе 75 минут уақыт бөлу ұсынылады;

• негізгі бұлшық еттер жұмылдырылған күш жаттығуларын аптасына екі рет немесе одан да жиі орындау керек.

Осы кеңестерді орындап, салауатты өмір салтын ұстау – зор денсаулықтың кепілі. Есіңізде болсын, сіздің өмір сүру салтыңыз денсаулық жағдайыңызға тікелей байланысты.

Шынығып, шымыр болайық!             

А.АСИЛБЕКОВА, Шымкент қаласы Қаратау ауданы

СЭББ бас маманы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика