Елдегі нәрестелер өлімі рекордтық деңгейге жеткенін статистика көрсетіп отыр. Бұл коэффициент ұзақ уақыт төмендеп келіп, 2019 жылы өсе бастаған. Бұл ретте қаладағы көрсеткіш ауылға қарағанда жоғары. Өткен жылы 1000 нәрестеге шаққанда 10-нан аса сәби қайтыс болған. Сарапшылар мұндай статистиканың себебі бар дейді. Басты себеп пандемия деп отыр.
“2020 жылы карантин болған жылдың басы мен аяғында жүкті болған әйелдер денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсіріп, сала басшылығы басқа да ауруларға қатысты жағдайды уысынан жіберіп алды деп айтуға болады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ана мен бала саласындағы патологияларды немесе тәуекелді уақтылы анықтауға тиіс дәрежеде сәйкестендіру мәселелерімен айналыспаған деп айтуға болады. Осы себептен 2021 жылы нәресте өлімінің күрт өсуі байқалды” – дейді Денсаулық сақтау саласының талдаушысы Әли Нұрғожаев.
Жақында әлеуметтік желіде фельдшердің атынан жазылған жазба пайда болды. Дәрігер босанған әйелдің ауруханадан бірнеше рет үйіне жіберіліп, ақырында үйде босануына тура келгеніне ашуланған. Алайда Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайды жалған ақпарат деп атады.
“Әйел шынымен үйде босанған. Тез туып қойған. Бір күн бұрын ол үлкен баласына үйге бару үшін өзі сұранып кеткен. Оның да, сәбидің де жағдайы жақсы. Керісінше, дәрігерлерге алғыс айтады. Әзірге жалған ақпаратты кім таратқанын анықтау мүмкін болмады. Бірақ қызметтік тергеу жүріп жатыр”, – деді Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбава.
Бұған дейін мемлекет басшысы нәресте мен ана өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Ол қазіргі заманғы перзентханалардың көпшілігі халықаралық стандарттарға сай келмейтін айтты.
Сәби өлімінің қалаларда жоғары екендігін мамандар патологиясы бар әйелдердің облыс орталықтарына жіберілетінін, ал мұндай жағдай әдетте қайғылы аяқталатынын айтуда. Жалпы, елімізде соңғы жылдары өлім көрсеткіші өсті. Өңірлер бойынша Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары көш бастап тұр.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply