2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4,1 мың адам көшіп келген. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есеге көп екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сайтына сілтеме жасап.
«Жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4,1 мыңнан астам адам көшіп келген. Бұл былтырғы кезеңнен екі есе көп. Дегенмен 3 айда 5,3 мың адам көшіп кеткен. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға аз. Қазақстаннан көшіп кетушілер саны кейінгі екі жыл қатарынан азайып келеді», – делінген материалда.
Өңірлер арасында Қарағанды облысынан ең көп адам шетелге көшкен – 681 тұрғын. Одан кейінгі орындағы Қостанай облысынан 645 адам, Павлодар облысынан 643 адам тұрғылықты елін ауыстырған.
«Алғашқы тоқсанда көшіп келушілердің ең көп саны Маңғыстау облысында тіркелді – 1,3 мың адам. Былтырғы кезеңмен салыстырған 3,5 есе көп. Үздіктер үштігіне Алматы қаласы (595 адам) мен Алматы облысы (401 адам) енді. Елден кеткендердің ең көп бөлігі Ресей Федерациясын таңдаған – 4,1 мың адам (былтырғыдан 7% аз). Сондай-ақ 617 адам Германияға, 125 адам Польшаға, 89 адам АҚШ-қа, 57 адам Беларуске қоныс аударды», – деп жазады Ranking.kz.
Ал елге келушілердің негізгі көші Өзбекстаннан бағыт алыпты – 2 мыңнан астам адам. Бір жыл бұрын олардың саны 500-дің айналасында ғана болған. Екінші орында Ресей Федерациясынан келгендер тұр. Басылым мәліметінше, алғашқы 3 айда елге 810 ресейлік көшіп келген. Алғашқы бестікте Түркіменстан, Қырғыз Республикасы және Қытай бар.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply