*Сұрақ-жауап Оқырмандар сұрағына белгілі тәжірибелі психолог Ләзат Қалқайбекқызы жауап береді.

Өзімде отбасылы жанмын.  Жақында 25-ке келген інім отбасын құрды. Бәріміз қуандық, әсіресе, ата-анамның қуанышында шек болмады. Келіннің жасы 18-де. Менің таңқалатыным  екеуі  бас қосқандарына бір ай толмай жатып ренжісуді шығарды. Алғаш әлі бірін – бірі жақсы білмей жатыр ма деп ойладық. Қазір келін сәл келіспей қалса болды төркініне кетіп қала беретін болып жүр. Артынан бара-бара інім әбден әлекке түсті, ата – анам әбден әбіржіп бітті. Кеткен қыз болғандықтан олардың  ішкі тірлігіне араласа алмаймын. Қай мәселе болса да ортаға салып ақылмен шешудің орнына төркініне қашқан келініме ашулымын. Екеуі ренжісе берген соң той жасауға үйдегілер де қорқақтап отыр. Жастарға қандай ақыл – кеңес айтар едіңіз?

Л.Қ: Бұл өзі көп орын алатын жағдайлардың бірі. Бір келіндер енесіне өкпелеп  кетеді,  біреулеріне сол үйдегі қарым-қатынас ұнамайды, себебі де сан алуан. Ал, сіздің сұрағыңыздың шешімін табу үшін үйлену туралы шешім кімнің тарапынан түскендігін анықтау керек.Бірін-бір  жақсы білмей ме деп ойладық дегеніңізге қарағанда бәрі асығыстау болған сыңайлы.Келініңіз  сіздің ата-анаңыздың босағасын өз еркімен аттады ма, өз еркімен келді ме, жоқ әлде ініңіз алып қашып кетті ме, осы жағын ашып айтпай отырсыз. Келіннің төркінге қаша беру себебін осы жағдайдан да іздеуге болады. Егер ол сіз айтып отырғандай 18 жастағы қыз болса, әлі тұрмыс құруға дайын емес болғаны. Сіз үлкенсіз, хабарласып отырғаныңызға қарағанда  сол үйдің ең үлкен жанашырысыз, сондықтан ініңіз бен келініңіздің отбасын құрудағы мақсатын сұрап, ашық сөйлескеніңіз жөн, ата-анаңызға бұл мәселеге араласу ыңғайсыз болуы да мүмкін. Жалпы екі адамға ғана қатысты мәселені солардың өздеріне естіртпей өзара ортаға салып талқылағаннан ешқандай пайда жоқ. Сіз емес, ата-анаңызда емес  үй болу сияқты үлкен жауапкершілгі бар мәселені отау құрған  екі жас  өзара шешкені жөн. Ол үшін ашық түрде сөйлесіп, бір шешімге келулері қажет.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика