Қазақстанда ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілетін болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында үкімет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізетінін және соның негізінде оның мөлшері біртіндеп ұлғаятынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге көтеруге шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді.

Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді», – деді президент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика