Бұған дейін бюджет қаражаты есебінен көрсетілетіназаматтар үшін тегін заңгерлік көмекті адвокаттар ғанакөрсетсе, енгізілген заңнамалық өзгерістерге сәйкес, заңконсультанттарына да осындай мүмкіндік беріліп отыр. Қазіргі таңда жалпы Шымкент қаласы бойынша тіркелген459 адвокаттың ішінде 119 адвокат мемлекет кепілдікберетін заң көмегін көрсетсе, енді 1 119 заң кеңесшісі осы бағытта жұмыс атқаратын болады, — дейді , Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасарыАйнұр Исабекова Айнұр Ақжігітқызы.
Адвокаттар қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істершеңберінде өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады, сондай-ақ құқықтық консультация беру түрінде, оныңішінде құқықтық сипаттағы өтініштер, шағымдар мен құжаттарды жасауға көмектеседі.
Заң кеңесшілері мен адвокаттарға төмендегідейқызметтер бойынша жүгінуге болады:
1.Жеке тұлғаларға алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша;
2.жыныстық зорлық-зомбылықтың, адам саудасының, лаңкестік актінің құрбандары немесе осы мәртебеге немесежағдайға байланысты құқықтары мен заңды мүдделерінқамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша азаптауғаұшырағандар;
3.асыраушысының қайтыс болуына байланыстыкелтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғалар;
4.еңбекпен байланысты денсаулығына келтірілген зияннемесе қылмыстық құқықбұзушылықпен келтірілгензиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
5.Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жеңілдіктербойынша теңестірілген Ұлы Отан соғысына қатысушылар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы соғысқимылдарының ардагерлері, мерзімді әскери міндеттілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жасы бойыншазейнеткерлер, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емесмәселелер бойынша;
6.кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелербойынша көпбалалы отбасылар;
7.кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелербойынша облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, белгіленген кедейлік шегінен төмен (32 749 тг) жан басына шаққандағы орташа табысы аз қамтылғаназаматтар (отбасылар).
Құқықтық консультация беру, егер өтініш беруші жүріп-тұруындағы қиындықтарға байланысты ауыр сырқаттың, мүгедектіктің немесе өзге де мән-жайлардың салдарынанқабылдау орнына келе алмаса, құқықтық көмек оның тұрғанжерінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, азаматтар адвокаттың немесе заңкеңесшінің көмегіне арнайы ақпараттық жүйе арқылыжүгіне алады. Ол үшін www.eup.kz сайтына кіріп, «қызметтер» бөлігін таңдап, «заңгерді табу» бағанасыарқылы қажетті критерийлерді толтырып, «меніменбайланыс» сілтемесіне өтуі керек. Аз уақыт ішіндеазаматпен кері байланыс орнатылады. Дәл осы сайтта«онлайн кеңеске» де жүгінуге болады. Қызметтің бұл түріхат алмасу түрінде көрсетіледі.
Сондай-ақ, заң кеңесшілердің толық тізімі ҚазақстанРеспубликасы Әділет министрлігінің сайтындаорналастырылған.
Айта кетейік, бір мәселе бойынша тұлға мемлекет кепілдікберген заң көмегін бір іс бойынша бір-ақ рет ала алады.
Leave a Reply