«Шымкент-терроризмге қарсы-2022» оқу жаттығу өтеді

2022 жылы 14 қазаны 09:00-11:00 сағат аралығында «Шымкент-терроризмге қарсы-2022» терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өтеді. Оқу-дала орталығының (Ақтас) аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп  өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты-әртүрлі дағдарыстық жағдайларға, оның ішінде террористік көріністермен бірге әрекет ету жөніндегі міндеттерді орындауға күштер мен құралдардың дайындығын тексеру. Жаттығу әр түрлі қиындық элементтерімен жgауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын.

Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз. Шымкент қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика