ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ 20 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

Шымкентте жылыту маусымы басталатын күн жақын. Қала әкімінің өкіміне сәйкес, 2022-2023 жылғы жылыту маусымы 20 қазаннан басталады.  Айта кетейік, әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жылыту маусымына дайын. 15 жылу қазандық пен  17 сорғы станса да толық дайын.  19,4 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Қаламызда көмір қоры жеткілікті.

Шымкенттіктердің көмірге қажеттілігі 66 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге дейін қалаға 120 мың тоннадан аса көмір тасымалданған. Қоймаларда  көмір қоры бар.

 

Алайда, жақын маңда орналасқан елдімекендердің де қысқы отынды Шымкенттен таситынын ескеру керек. Тіпті, тапшылық туындап жатады. Сондықтан да қалалықтардың ерте қамданғаны жөн.
Айта өтейік, 1 тонна көмірдің бағасы 14 750 — 15 100 теңге аралығында сатылуда. Оған тасымал құнын тағы қосыңыз. Қатты отын қалтаны қағары жасырын емес.

Қыс — қыр астында. Қазан айының екінші жартысында жылу беріледі. Ал қатты отын жағатындар жылу пештерін ертерек тұтады. Сондықтан да ссы сәттен бастап, жылыту маусымына қамданыңыздар.

Күн суығанда азаматтардың көмірді жаппай сатып алуы көбейеді. Кезекке тұрып, күнұзақ күтіп қалуыңыз бек мүмкін. Мұндай жағдай орын алмауы үшін осы сәттен бастап тұрғындарды көмір алуға шақырамыз.

Еске салайық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл көмір бағамы былтырғы деңгейде ұстап тұр. «Мысалы Шұбаркөл разрезі былтырғы бағаны төмендетті. Былтыр 6 264 теңге болса, биыл 6 160 теңгеден сатып жатыр. Қалғандары тұрақты былтырғы бағамен ұстап тұр. Қазақстан темір жолымен де келістік. Олар да тарифті өсірмейтін болды. Ең төмен баға Солтүстік Қазақстан облысында бір тоннасына 14 мың 500 теңге болса, Батыс Қазақстанда 21 600 теңгеге дейін жеткен. Ақмола облысында Атбасарда «Қаражыра» көмірі 14 мың мың теңге, «Шұбаркөл» көмірі 15 мың теңге, Степногорскте «Шұбаркөл» көмірі 22 мың теңге, ал ең шалғай ауылда 25 мың теңгеге дейін барады», — деген болатын.

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика