Егеменді еліміздің салт-дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи күндер тізбегімен» атты февтивалінің қорытынды кезеңі өтті. Аталған іс-шара⠀25 қазан – Республика күніне орай болды. Салтанатты кеште Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының жастары өз өнерін көрсетіп, дарындылығымен көзге түскен қатысушылар бас жүлдені иеленді. ⠀
–Жастар арасында «Тарихи күндер тізбегімен» атты фестивалі 3 күн бойы жалғасты. Алғашқы күні ер жігіттеріміз ұлттық ойындар бойынша сайысқа түскен болса, екінші күні ару қыздарымыз ұлттық тағамдарын әзірлеген болатын,- деді Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай. ⠀
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен болған іс-шараға 14-29 жасқа дейінгі жастар қатысты. Оларға ұлттық нақыштағы киім үлгісінде болу міндеттелген. Ал фестивалдің әділ өтуін әнші, «Х фактор» өнер сайысының жеңімпазы Астана Қарғабай мен Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Заманбек Орынбеков бақылады.
Фестивальдің қорытынды нәтижесінде жан-жақты белсенділік танытып 1-ші орынға ие болған — Орталық Азия Инновациялық университеті жеңімпаз атанып, Жастар ресурстық орталығының атынан арнайы дипломмен марапатталып, ноутбук сыйлығына ие болды.Екінші орын — Ж. Ташенов атындағы университеті, үшінші орын — Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне бұйырды.
Шымкент қаласында «Қайырымдылық керуені» республикалық форумының жұмысы қорытындыланып, белсенді қатысушылар марапатқа ие болды. Шаһарда алғаш рет өткен форумға еліміздің барлық аймағынан келген 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Форум аясында «Балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында дөңгелек үстел, Оқушылар сарайында балалар үшін арнайы «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Актерлық шеберлік» сыныптарында мастер-класстар өткізілді. Әр өңірден келген 100-ге жуық жастар қала әкімдігінің қолдауымен шаһардың көрікті жерлерін аралады. Іс-шара жастар ресурстық орталығының залында Гала-концертпен қорытындыланды. Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байғонақов шаhарда көптеген қайырымдылық істер қолға алынғанын атап өтіп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Концертте еліміздің барлық аймағынан келген дарынды жастар өз өнерлерін паш етті.
Leave a Reply