«АЙГӨЛЕКТІҢ» БИШІЛЕРІ БАС БӘЙГЕ АЛДЫ

Шымкент қаласының «Айгөлек» Ұлттық ансамблі кезекті жеңісімен жанкүйерлерін қуантты. Оқушылар сарайының мың бұралған бишілерінен құралған ансамбль Астана қаласында ұйымдастырылған «ITALIAN GRAND FESTIVAL» және “Гүлденген қызғалдақтар ” ІІ Халықаралық өнер байқауы-фестиваліне жолдама алған болатын. Байқауда бақ сынаған бишілер үздік атанды.
Олар халықаралық байқаудың «ГРАН ПРИ» жүлдесімен оралды.
— Біз өте қуаныштымыз. Бас бәйгені еншілеп отырмыз. Қарсыластарымыз да осал болған жоқ. Бірақ, біздің би ансамбліміздің ерекшелігі – бір қазақтың ғана емес, өзге де ұлттың билерін кәсіби тұрғыда билей аламыз. Және костюмдеріміз де ешкімдікіне ұқсамайды»,-деді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Райхан Каланова шәкірттерінің жетістігіне қуанып.
Өз кезегінде талдырмаш бишілер де алдағы уақытта да еліміздің атын шетелге танытып, намысты қолдан бермейтіндіктерін айтып, жетекшілеріне алғыстарын білдірді.

Айта кетерлігі, «Айгөлек» балалар би ансамблі 1943 жылы құрылған. Ансамбльдің негізін қалаған Цандекова А.Л. 1975 жылдан бері Р.Каланова ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Бүгінгі таңда ансамбль 4-17 жас аралығындағы 200-ге жуық өнерлі өрендердің талантын ашуға ықпал етіп отыр.

«Айгөлек» ансамблі республикадағы ең байырғы шығармашылық ұжымдардың бірі. 1973 жылы ансамбль «халықтық» атағын, 1982 жылы Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атағын иеленді.

2000-2016 жылдары Орта Азия және Еуропа елдерінде Халықаралық фестивальдерге қатысып, Гран-при және түрлі жүлделер иесі болған. Сол жылдары шымкенттік халықтық хореографиялық «Айгөлек» балалар ансамблі Испанияның Ллоретт дел Мар қаласында «Musica del Mar» — «Теңіз әуені» Халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, Гран При Кубогы және «Үздік хореография», «Көрермен көзайымы» дипломдарын жеңіп алды. Бимен қатар ансамбль мүшелері халық аспаптарында орындаушылық және вокал бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика