Айта кетерлігі, «Айгөлек» балалар би ансамблі 1943 жылы құрылған. Ансамбльдің негізін қалаған Цандекова А.Л. 1975 жылдан бері Р.Каланова ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.
Бүгінгі таңда ансамбль 4-17 жас аралығындағы 200-ге жуық өнерлі өрендердің талантын ашуға ықпал етіп отыр.
«Айгөлек» ансамблі республикадағы ең байырғы шығармашылық ұжымдардың бірі. 1973 жылы ансамбль «халықтық» атағын, 1982 жылы Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атағын иеленді.
2000-2016 жылдары Орта Азия және Еуропа елдерінде Халықаралық фестивальдерге қатысып, Гран-при және түрлі жүлделер иесі болған. Сол жылдары шымкенттік халықтық хореографиялық «Айгөлек» балалар ансамблі Испанияның Ллоретт дел Мар қаласында «Musica del Mar» — «Теңіз әуені» Халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, Гран При Кубогы және «Үздік хореография», «Көрермен көзайымы» дипломдарын жеңіп алды. Бимен қатар ансамбль мүшелері халық аспаптарында орындаушылық және вокал бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Leave a Reply