ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шаhар басшысының тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев «Build stroi» ЖШС базасына барып, техникалардың қыс мезгіліне дайындығын пысықтады.

Аудан әкімі қыс айларында аяқжолдардағы қарлар уақытында күреліп, мұздан тазалануы, техника санының жеткілікті болуы және инертті заттардың қолданысқа дайын болуының маңыздылығына тоқталып өтті.

Биыл Әл-Фараби ауданы бойынша қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 44 техника мен 285 жұмысшы тартылмақ. Қазіргі таңда қоймада мұз ерітетін 5 300 м3 инертті зат бар.

Тақырыпқа тұздық, қала әкімінің өкіміне сәйкес, 2022-2023 жылғы жылыту маусымы 20 қазанда басталған болатын. Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жылыту маусымына дайын. 15 жылу қазандық пен 17 сорғы станса да толық дайын. 19,4 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Қаламызда көмір қоры жеткілікті.
Шымкенттіктердің көмірге қажеттілігі 66 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге дейін қалаға 120 мың тоннадан аса көмір тасымалданған. Қоймаларда көмір қоры бар.

Алайда, жақын маңда орналасқан елдімекендердің де қысқы отынды Шымкенттен таситынын ескеру керек. Тіпті, тапшылық туындап жатады. Сондықтан да қалалықтардың ерте қамданғаны жөн.

Айта өтейік, 1 тонна көмірдің бағасы 14 750 — 15 100 теңге аралығында сатылуда. Оған тасымал құнын тағы қосыңыз. Қатты отын қалтаны қағары жасырын емес. Қала басшылығы жыл сайын күз бен көктемгі лайсаңда қиналып қалатын тұрғындардың қала орталығында тротуарларды көптеп салу жөніндегі өтініштеріне орай қолдан келгенше қарекет жасайтын. Биыл бұл мәселе де шешімін тапты. Бағдарлама шеңберінде қаладағы жалпы ұзындығы 102 шақырым болатын 68 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, қыруар жұмыс істелді.

БАҚ өкілдерін бағдарлама аясындағы жұмыстармен таныстыру мақстында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі баспасөз турын ұйымдастырды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика