ЕРЕКШЕ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛУДА

Шымкент қаласында «Аялы алақан» оңалту орталығы 100-ден аса ерекше күтімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуде. Туа сала тағдыр тауқыметін тартқан мұндай жеткіншектер арнайы мамандардың көмегіне аса зәру.
Орталықта мемлекет қамқорлығына мұқтаж 3-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге — тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсетіледі.
Балаларды өмірге бейімдеуге бағыттылған ем-дом шараларының, педагог-психолог, дефектолог, логопед мамандарының қарқынды жұмысының нәтижесінде балалардың дамуында оң өзгерістер байқалуда. Мәселен, 11 қызмет алушының — тірек қимылында өзгеріс орын алып, ауыз қуысына жасалған массаждың әсерінен, жұтқыншақтың жұтыну жұмысы 1 балада жақсарған. Сөздік қоры көбейген қызмет алушылар саны 6-ау болса, ұсақ қол маторикасы реттеліп, дауысты дыбыстарды айта бастағандар саны – 4-ке жеткен. Яғни, тұрақты түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың музыка ырғағын сезуі, әуенге қосылып ән салуы, ыңылдауы, жаңа дыбыстарды шығаруында оң көрсеткіштер бар.
Сондай-ақ, қызмет алушылардың ата-аналарымен кері байланысты орнату мақсатында жоспарлы түрде тренингтер ұйымдастырылып, балалардың сауығуы үшін шыдамдылықпен қолдау көрсетудің маңыздылығы түсіндірілуде.

Керек дерек:

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 38 880 мүмкіндігі шектеулі азамат (2021 ж. – 36 537) тіркелген, оның ішінде:

— бірінші топтағы мүгедектер – 3 691 (2021 ж. – 3372);

— екінші топтағы мүгедектер – 15 212 (2021 ж. – 14 556);

— үшінші топтағы мүгедектер – 12 739 (2021 ж. – 12 191);

— 18 жасқа дейінгі 7 238 мүгедек балалар (2021 ж. – 6418) тіркелген.

«Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» Жартылай стационарға арналған. Мұнда 110 қызмет алушы бар. Оның 75-і ұл, 34-і қыз.  Тұрақты түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың дамуында оң өзгерістер байқалады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика