ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ 4 ЖЫЛДА 10 ЖЕКЕ ЕМХАНА АШЫЛДЫ

Шымкентте Денсаулық сақтау саласындағы жан басына қаржыландыру жүйесі оң нәтиже беруде. Соңғы 4 жылда 214 мың адамға қызмет көрсететін 10 жеке емханалар ашылып, мемлекеттік емханалардың жүктемесі 20%-ға азайды.
Қалада жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетілуде.
Жеке инвестор есебінен ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталығы ашылды. Бұл орталықта қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысын анықтап, алдын ала емдеуге мүмкіндік береді.
Жүрекке 402, бүйрекке  12, бауырға 5 операция жасалды.
Биыл №2 ауруханада бауыр циррозы бойынша бірегей ота жасалып, 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде.
Осы және өзге де мәліметтерді шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық мәслихат депутаттарының кезекті ХХІІ сессия отырысында баяндады.
Жиын барысында Мұрат Дүйсенбекұлы 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана және жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық  клиника мен 6 медициналық орталық ашылатынын жеткізді.
Соңғы бір жылдың ішінде ауруханада бірігей оталар жасала бастады. Атап айтар болсақ, жедел коронарлық синдром кезеңінде тері арқылы коронарлық араласу, бауыр цирозының өңеш пен асқазан тамырларының варикозды кеңеюін эмболизациялау, бүйрек терминалды созылмалы шамасыздығы бойынша тұрақты диализдегі пациенттерге перманенттік катетер орналастыру операциясы жасалды. Сонымен қатар тізе асты артерияның тармақтарын эмболизациялау бойынша 4 ота жасалды.Тағы айта кетерлігі, ауруханада биыл кардиология бөлімінде Шымкент қаласындағы штаттан тыс интервенциялық кардиолог Асқар Мұратұлының бастамасымен жүрекке коронография отасы жасалды.
“Жылдан жылға медициналық қызмет сапасын арттырып, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында көмек түрін көбейтудеміз. Жоспарға сәйкес, келесі жылы аритмологиялық оталарды жасап, жоғары технологиялық операция түрін көбейтеміз”-дейді аурухананың бас дәрігері Асқар Мұратұлы.
Емхананың бас дәрігері Айгүл Орынбасарқызының айтуынша, мекеменің қызмет көрсету аумағы 38 ЖТД және 8 акушерлік-гинекологиялық аймақтарға бөлінген. Мұнда 24 мамандық бойынша мамандандырылған дәрігерлер қызмет көрсетеді. Бұған қоса 4-санатты 2 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде. 55 төсектік күндізгі стационар бар.
Емхананың өзі үлкен екі корпустан тұрады. Бірінші корпуста үлкендерді қабылдаса, екінші корпуста дәрігерлер балаларды қабылдайды.
Орталықты аралау барысында басқарма басшысы медициналық ұйымның пациенттерімен әңгімелесті. Тұрғындарды мұқият тыңдап, ұсыныстарын ескере кетті. Сондай-ақ пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы да назардан тыс қалған жоқ.
Қала тұрғындарына сапалы әрі қол жетімді медициналық қызметті ұйымдастыру біздің басты міндет деген басқарма басшысы бас дәрігерге тапсырмалар беріп, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика