Бүгін Шымкентте саясиқуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның Шымкент жұмыстобы «ХХ ғ. І жартысындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: жаңа қазақстандық қоғам көзқарасы мен зерделеу мен зерттеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.Ғылыми басқосуға Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесінің мүшесі, ҚРҒ ылым және жоғары білім министрлігі комитетінің бас сарапшысы С.Алғалиев, мемкомиссияның өңірлердегі жұмыс топтарының өкілдері, ғалымдар қатысты.
— Мемлекет басшысыҚ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның Шымкент жұмыс тобы екі жылға жуық мерзімде комиссия бекіткен 11 бағыттың 9 бағыты бойынша жұмыс жүргізіп, архивтерден түрлі тың деректерді анықтап, оны зерделеп-зерттеу мақсатында өзге өңірлерге, елдерге іс сапарға шығып, құжаттар жинақтады,- деді өз сөзінде Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасарыБ.Әділханов.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінің мүшесі С.Алғалиев ғылыми конференцияға арқау болған тақырыптарды ғылыми орта ғана талқыламай, ЖОО қабырғасындағы студенттер мен магистранттар да өзінің ғылыми жұмысы ретінд езерделесе деген ұсынысын жеткізді.
Бүгінде әр аймақтың жоғары оқу орындарының ғалымдары, ізденушілерінен құралған ғылыми ортасы ақтау жұмыстарына ерекше атсалысып келеді. Олардың жинаған құжаттары негізінде жинақтар басылды. Өткен жылы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің көптеген құжаттарының құпиясыздандырылуы нәтижесінде бірқатар архив құжаттары кітап болып басылып, жер-жерге тарқатылды. Осы үрдіс ары қарай жалғасын табады, -деді СерікСәкенұлы.
Аталған жоба аясында былтыр «Оңтүстіктегі жаппай саяси қуғын-сүргін: тауқыметті тағдырлар» ғылыми мақалалар жинағы шықса, бүгін «Оңтүстік өңірдегі саяси қуғын-сүргін: құжаттар мен материалдар» көп томдығының бірінші томы таныстырылды. Өңірлік жұмыс тобындағы 25 зерттеуші зерделеген құжаттар республикалық сараптамадан өтіп көптомдықтың 430 беттік екінші томына енгізіліп, баспаға ұсынылып отыр.
Ғалымдар пленарлық отырыстан соң, 5 секцияға бөлініп, бағыттық жұмыстар бойынша талқылау жасады
Leave a Reply