«ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» қалай өтіп жатыр?

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын кәсіподақтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзекті мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев пен Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, жүргізушілер Ассоциясының басшысы Ерғали Қасымов, «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалының құрамындағы «Shymkent Bus» ЖШС-ң өкілдері, салалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары қатысты. Күн тәртібінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ тарапынан 2023 «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында орындалып жатқан іс-шаралары, Мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан қаламыздағы мекемелер мен өндіріс орындарында еңбекті қорғау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар жайы, «Shymkent Bus» ЖШС-де қоғамдық көліктердегі жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қаралды.
Шымкентте жыл басынан бері «ҚР Еңбек кодексі», ҚР кәсіподақтар туралы» заңдарының талаптарын жүзеге асыру бойынша 26 бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткен. Жалпы 51 мекемеде кездесу өтіп, 960-тан астам жұмыскерлермен еңбек кауіпсіздігін қатаң түрде сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнінде іс-шаралар насихатталған.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өңірдегі мекемелер мен өндіріс орындарында еңбекті қорғау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар жайы туралы баяндама жасап, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді.
Баяндамашының пайымдауынша, жыл басынан бері Басқармаға азаматтардан келіп түскен 340 өтініші қаралған. Нәтижесінде, 50 тексеру жүргізіліп, 69 бұзушылық анықталған. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша 65 арыз, ал еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша 4 арыз қаралған. Анықталған бұзушылықтардың 54 жойылып, заңға сәйкестендірілген.
Сонымен қатар, «Shymkent Bus» ЖШС-де жол қозғалысы қауіпсіздік инженер Ерғали Қасымов қоғамдық көліктердегі жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы туралы баяндап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталып, оны жою бойынша әр тараптардан ұсыныстар айтылды, алдағы уақытта берілген ұсыныстар қалалық Қоғамдық кеңес мүшелеріне жолданатын болады.
Қызмет ақпарат
(2000 символ)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика