Бала мінезі, азаматтық көзқарасы ата-ана, орта, мектеп тәрбиесі арқылы қалыптасады. Рас, сәби ақ қағаздай болып дүниеге келмек. Қағазға шимайды қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де осыған ұқсас. Бүгінде білім беру мекемелері осы қағиданы ескеріп, оқушылар бойында әділдік, адалдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жаңа жобалар жүргізуде.Осындай жобалардың бірі – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ,жергілікті әкімдіктердің қолдауымен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында республика мектептерінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» жобасы жұмысын бастаған болатын. Егер, жастайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңіретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық. Осы орайда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 1-3 наурыз аралығында, Алматы қаласы Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында, Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойыншы: №137 жалпы орта білім беретін мектебі 11 сынып оқушысы Кантаева Эльнура І дәрежелі диплом және ? алтын медальмен марапатталды (механика секциясы) Ғылыми жұмыстың тақырыбы: » Ақылды таяқ» жобасы. Ақылды сүйену таяғы — зағип, көзі нашар көретін жандарға көмек болатын инновациялық құрал. Ол жолда кездесетін кез келген кедергіні анықтап дыбыстық белгі береді.
Қызмет ақпарат
1787 символ
Leave a Reply