102 салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік спортшы қос жаттығу қорытындысында 400 (181+219) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өткен Азия чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы 181 келіні жұлқа көтеруде кіші күміс және 219 келіні серпе көтеруде кіші алтын жүлдеге қол жеткізді. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл — күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т. б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген. Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде тәңертең ерте тұрып, «Балапан» теле арнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық — зор байлық. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу. Спортты біз қалай түсінеміз, спортқа деген көзқарас? Жалпы қазақ халқы спортты қаншалықты сүйеді, қаншалықты күйінеді. Спорт ол жұдырық алып, көше төбелес емес. Спорт-ол мәдениет. Спорт-ол интеллектуал. Спорт-ол қозғалыс.Спорт-ол күрес. Спорт әр адамның өмірінде орын алып жатыр. Қарапайым ғана жүгіру мен жүру немесе баспалдақпен жоғары -төмен түсу. Спорттың адамға берер пайдасы шаш етектен. Үнемі бір формада болу, сұлу бітімде қалыптасу, денсаулықты жақсарту және творчестволық-интеллектуалдық қабілетті өсіру және де мінез құлық қалыптасады.Алға қойған мақсатқа жетуді және қалай жеңу жолдарын үйретеді. Көңілімізге қуаныш пен күш сыйлайды.Әрі спортпен айналысып жүрген замандастармен ешқашан зерікпейсің де. Егер өзінің сүйікті спорт түрімен айналыссаң зерігуге де уақыт жоқ. Әр спорттың өзіндік заңы мен тарихы бар. Біздің елде қай спорт саласы жақсы дамыған және дамымай ақсап келе жатқан түрі бар. Алдағы уақытта біле жатамыз. Жалпы спортты бөліп қараймыз. Кәсіпқой спорт, әскери қорғаныс спорт, ұлттық спорт, көпшілік спорт және спорттың жоғарғы жетістігі.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply