Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды. 2023 жылы 12 мамыр күні Шымкент қаласы қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен колледж білім алушылары арасында “Болашақ” жоғары колледж базасында «Адал ұрпақ-мемлекет болашағының кепілі” тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Мақсаты «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамыту, кеңінен насихаттау, білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу болды. Ойында ОАИУ-нің «Риторика” пікірсайыс клубының мүшелері төрелік жасады.
Барлығы 14 фракция қатысып, 28 спикер ойын алаңында бақтарын сынады.
Турнир нәтижесі келесідей:
I орын — “Алаш» фракциясы — Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі,(30 мың теңге),
II орын — “Эверест» фракциясы -Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық — экономикалық колледжі (20 мың теңге),
III орын -“Парасат» фракциясы — «Парасат» колледжі ,”Қозғалыс» фракциясы — Политехникалық колледж-(20 мың теңге).
Линкольн-Дуглас форматында шеберлігін көрсеткен “Аңыз адамдар» фракциясының лидері Анварбек Айдана “Ең үздік спикер» номинациясы(5 мың теңге), «Үздік төреші» номинациясымен Равшанбеков Тахиржан (5 мың теңге) марапатталды.
Тартысты алаңда тапқырлығымен ерекшеленген басқа да фракциялар алғыс хаттармен бірге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Қызмет ақпарат
1685 символ
Leave a Reply