ШЫМКЕНТ: ОҚМПУ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСАҒЫ – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ТӘРБИЕНІ ҰТЫМДЫ ҮЙЛЕСТІРЕТІН ЖОБА

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ерекше қыры дегенде ең алдымен Қазақстандағы жалғыз студенттік ұжым – ОҚМПУ археологиялық жасағын атап өтеміз.

Оңтүстік шежірелі тарихымен дараланған өңір. Қасиетті топырақтан ежелгі қоныс орындарынің ізі, көне бекіністердің орны табылып, қазақ даласында салтанат құрған мәдениеттер мен өркениеттер жайлы бірегей мағлұматтар жинақталуда.

Студенттерді тарих қойнауындағы құпия деректермен жақыннан таныстыру, оларға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің практикалық тәжірибелерін, қазба жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйрету, жер бөліктеріндегі мәдени қабаттың құрамын зерттеуге баулу мақсатында өткен ғасырдың алпысыншы жылдары оқу орнымызда археологиялық жасақ құрылып, тарих факультетінің студенттерін далалық практикадан өткізу тәжірибесі енгізілді.

Қазақстанның Құрметті археологы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Николай Павлович Подушкиннің жетекшілігімен құрылған археологиялық жасақ Арыс өзені аңғарындағы Қарауылтөбе, Төрткүлтөбенің ертедегі отырықшы қоныстарында, Шымкент, Отырар төбе қалашықтарында, Біркөлік қонысында алғашқы қазба жұмыстарын жүргізіп, көне дәуір мәдениетінің ғасырлар бойғы сырын ашты.

1974 жылы атақты ғалымның ісін ұлы – Александр Николаевич жалғап, тарих факультеті студенттерінің археологиялық практикасының жетекшісі атанды. А.Н.Подушкиннің басшылығымен I–IV ғасырға тиесілі Күлтөбе қалашығында қазба жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде сенсациялық жәдігерлер табылды. Ежелгі Иран тілінің диалектісіне жататын арамей жазбасы күйдірілген лай тақтайшаларының фрагменттерінен табылды. Тарихи мәні бар жазбаның мазмұнын ашуға Кембридж және Лондон университеттерінің профессоры, академик,     әлемге әйгілі палеолингвист Николас Симс-Уильямс жәрдемші болды.

Биылғы экспедицияда ОҚМПУ археологиялық жасағы «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкерлерімен бірлесе Ордабасы ауданы Қараспан ауылы маңындағы ежелгі Қаңлы дәуіріне тиесілі көне қорым орнын тапты.

Қорым құрылым көлемінің үлкендігімен ерекшеленеді. Дәліздің ұзындығы 8,5 метр болса, тереңдігі 4 метрге жетеді, жерлеу камерасының тереңдігі 5,2 метрді құрайды. Мұндай тереңдіктегі қорымдар бұрын-соңды бұл аймақта кездеспеген. Жер қатпарын алған археологтар бұл отбасылық қорым болған деген болжамын білдіруде. Жүргізілген ғылыми зерттеулер қорымдағы ер азаматтың, әйелдің және жас өскіннің сүйегі осыдан 2 мың жыл бұрын жерленген деген дәекті дәлелелдерді көрсетуде.

Биыл ОҚМПУ көрнекті археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Подушкиннің 70 жылдық мерейтойын салтанатты тұрғыда атап өтті. Универсиеттің орнықты дамуына үлесін қосып жүрген ғалымның құрметіне халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, университеттің бас ғимаратында танымал археологтар династиясына  арналған тұрақты көрме ашылып, 800-ге жуық тарихи жәдігерлер сақтауға алынды.

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика