Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Бокстан Әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты қабылдады. Дүбірлі додада еліміздің құрамасы 4 алтын, 1 күміс медальмен толықты. Бұл жеңісте 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік сайыпқыранның үлесі зор. Спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жерлесіміз осыған дейін Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын жеңген болатын. Мұрат Дүйсенбекұлы құрама қоржынына екінші алтынды салған спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі. Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер ал жеке жаттықтырушысына 5 млн тг ақшалай сыйлық табыстады. Біздің елде спорт пен денешынықтыру мәдениетінің берік және ертедегі дәстүрлері кеңінен қамтылған. Денешынықтыру мәдениеті өзіндік ұлттық тарихи дамудағы барлық жолдарын жоғалтпады. Жарыстар мен әртүрлі ойындар, денешынықтыру жаттығуларының ұлттық түрлерінің өсуі мен сақталуын және олардың жаңаша туылуына, ұлттық жаңа түрдегі мәдениетінің сақтаушысы халық болды. Мерекелерде дене шынықтыру мәдениетінің ұлттық түрі айқын көрініп отырды.
Біздің отанымыздың түкпір-түкпіріндегі ұлттық мерекелер бұл тек ойын-сауық ретінде емес ол әрине спорт жарыстары ретінде мерекеленеді.
Әрбір халық өздерінің ұлттық мәдениетіне спорт қазынасын ең жақын жағынан ендірді. Жарыстарды ойындарды және дәстүрлі спорт мерекелерін, жаңаша толтыру мен ұлттық спорттық ойын-сауықтардың түрлерін тапсырылуын советтік спорт мәдениеті жоғары көрсетті. Қазақстан Республикасында, яғни біздің елде спорт пен денешынықтыру мәдениетінің берік және ертедегі дәстүрлері кеңінен қамтылған. Денешынықтыру мәдениетінің өзіндік ұлттық, тарихы дамудағы барлық амалдарын жоғалтпады. Жарыстар мен дәстүрлі ойындар денешынықтыру мәдениетінің ұлттық түрлерінің сақтаушысы, олар біздер, яғни халық болды.
Қызмет ақпарат
1815 символ
Leave a Reply