«АЙГӨЛЕК»  балалар шығармашылық байқауының аудан аралық іріктеу кезеңінің қорытындысы туралы

Шымкент қаласы білім басқарамасының  «Мектепке дейінгі дамыту орталығының» жылдық жоспарына сәйкес мектеп жасына дейнгі   жастағы балалардың рухани –адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі өнерлі, талантты балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында қала көлемінде меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйым бүлдіршіндерімен ұйымдастырылған « Айгөлек» балалар шығармашылық байқауына 56 сұраныс алынды. Келіп түскен сұраныс нәтижесінде 3 ауданда байқауды іріктеу ұйымдастырылды.

  1. Байқаудың Ереже талаптарына сәйкестілігі;
  2. Тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне (балалардың ) репертуарының сәйкес келуі;
  3. Сахнаға шығу мәдениеті, ән мазмұнына қарай киім таңдау мәдениеті;

4.Ән, би сипатын қабылдау (баяу, жылдам, көңілді, көңілсіз) ырғақтық бейнесі мен сезімінің сәйкестігі;

5.Орындау шеберлігі, (әнді табиғи және жанды дауыста салу, сөзі мен дыбысты таза және анық айту)..

  1. Жанрлар ерекшелігі (вокал , хореграфия, мәнерлеп, театрлық өнер жанрлары) бойынша ағымдағы жылдың

17.05 – Еңбекші ауданы №97 «Ақмарал» балабақшасында;

18.05 – Әл -фараби ауданы №118 «Әсел» балабақшасында;

19.05 – Абай ауданы №68 «Балауса» балабақшасында іріктеу   жасалынып, №44 «Жанар», №61 «Нұртас»,№34 «Ақжелкен», №97 «Ақмарал»,№73 «Айжан», №118 «Әсел», №95 «Алтын дән», №98 «Мерей», №35 «Сәуле», №13 «Ертөстік», №31 «Салтанат», №56 «Тұлпар», №36 «Ерке –Наз», №126 «Шұғыла», №26 «Самұрық»,№68 «Балауса»,№46 «Ақбөпе»,№74 «Айдана», ЖШС «Балбота», «Армантай», «Бақ Нұр- Ел», «Ай-Бике», «Айжарық –Аяулым»   23  мектепке  дейінгі   ұйымның 306  үздік бүлдіршіндеріне  қалалық байқауға  жолдама берілді.

— өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені  бүлдіршіндердің бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу;

— ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау балалар шығармашылық байқауының басты мақсаты еді.

Ұйымдастырушылар: Шымкент қаласы білім басқармасының «Мектепке дейінгі дамыту орталығы».

Қатысушылар: Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, ата-аналар, педагогтер.

Қызмет ақпарат

1937 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика