ИТ ИТТІГІН ЖАСАЙДЫ…

       МӘЛІМЕТ:
       ОҚ облысы бойынша  2014 жылдың 1 тоқсанында эхинококкоз ауруымен  66 адам науқастанған (2013 жылдың осы мерзімінде 80  жағдай тіркелген), 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш тиісінше 2,40 және 2,96. Аурушаңдық былтырғы жылмен салыстырғанда  18,9 %-ға төмендеген.
       Облыстық көрсеткіш деңгейінен Арыс (4,25), Қазығұрт (5,31), Ордабасы (6,01), Созақ (6,91), Бәйдібек (7,58)  аудандарында 1,7 – 3,1 есе жоғары.
       Эхинококк адам организмінде барлық мүшелерді,  көбінесе бауыр мен өкпені зақымдайды. Науқастың зақымдалған мүшесі үлкейіп, бауырында ауырлық байқалып, оң жақ қабырға асты қатты ауырады. Егер өкпесі зақымдалса, науқастың кеудесі ауырлығымен мазалап, ентігіп, қан қақырып, жөтеледі. Эхинококк  өте шабан өсетіндігі салдарынан сырқат белгілері біртіндеп білінеді, бірнеше жылға созылады.
       Өмірге қауіпті асқынудың даму мүмкіндігіне байланысты аурудың салдары – қүрделі. Емдеу әзірге тек қана хирургиялық жолмен жүзеге асады.
       Эхинококкоздың жұқпа көзі ит болып табылады. Эхинококкоз ауруының  өсу себебі аудан, қалаларда үй жағдайында малдәрігердің анықтамасынсыз мал сою жалғасып, малдың зақымдалған  мүшелері (бауыр, өкпесі) итке тасталып, иттер арқылы  қоршаған ортаны эхинокококк жұмыртқаларымен ластауы. Адамдар жеке бас гигиенасын сақтамай, аскөк, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін  жумай пайдаланып, көшеден тамақтанып, ит – күшіктермен ойнап, қолын жумағаннан ауруды жұқтырады.
       Эхинококкоз ауруының  алдын алу мақсатында иттерді құжаттандырып, тоқсан сайын ветеринарлық емдеу мекемелеріне көрсетіп, дәрі беру қажет,ал шаруашылыққа пайдасы тимейтін бұралқы иттерді құрту.
       Адамдар итпен қарым-қатынаста болғанда  жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс. Малдарды тек арнайы мал соятын орындарда ветеринар маманының бақылауымен сойып, зақымдалған малдың  мүшелері анықталған жағдайда өртеу қажет.
       Эхинококкоз аурушаңдығы халық арасында кездесетін – созылмалы түрде өтетін ауыр ағымды әлеуметтік маңызы бар, табиғи ошақтық биогельминтоз.
Х. МАМЫКОВА,
ҚР Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің
бөлім басшысы 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика