ТЫРНАҒЫҢДЫ КЕМІРМЕ!

tories/0393_1.jpg» width=»250″ height=»167″ alt=»0393_1″ style=»float: right;» />

       Энтеробиоз – әсіресе балалар арасында көп тараған жоғары контагиозды гельминтоз.
       Аурудың көзі үшкір құрт (острицалар) болып табылады. Острица 200 жылдан астам жылдан бері белгілі және барлық жер мен халықтарда кездесетін, адам ағзасында  ең көп тараған паразит болып табылады. Гельминт  адам ағзасында бір ай көлемінде өмір сүреді,тазалық сақтаған жағдайда ағзадан нәжіспен сыртқа шығып  кетеді. Бірақ тазалық сақтамау салдарынан қайта жұқтырып,   үшкір құрт (острицалар) адам ағзасында бірнеше ай немесе жылдар бойы сақталады. Бір тәулікте аналық 12000 жұмыртқа бөледі.
       Энтеробиоздың жалғыз көзі  үшкір құртты (острицаларды) жұқтырған адам болып табылады. Жұқтыру науқаспен тығыз байланыс арқылы немесе  үшкір құрт (острицалар) жұмыртқаларымен зақымданған заттар мен тағам өнімдері арқылы болады.  
       Белгілері: Аналық үшкір құрт жұмыртқаларын тік ішектің қатпарларына ,көбінесе түнге қарай салады,сол кезде тік ішек қатпарлаларында қышу пайда болады, ашуланшақ, бас ауруы, іштің ауруы, тәбеттің жоғалуы,  нәжістің сұйық және шырышты болуы.
       Энтеробиоз диагнозы тік ішектің перианальді  қатпарларынан қырынды алу нәтижесінде гельминтты  микроскопиялық анықтау әдісіне  негізделіп қойылады. Диагностикалау барлық жергілікті емханалардың клинико-диагностикалық зертханаларында жүргізіледі.
       Алдын-алу:  Энтеробиоз ауруын емдеуде ең бастысы – қайта жұқтыруды болдырмау. Егер осындай мүмкіндік болмаса, науқас паразиттерден дәрі – дәрмексіз де тез арылады.   Балалардың әр кезде, ойынан, сабақтан келген кезде әжетхандан кейін, тамаққа отырар алдын қолдарын сабынмен жууды дағдыландыру. Тамақты дастархан басында отырып ішугетәрбиелеу. Баланың қолына сыртқа шыққан кезде,  ешқандай жейтін тағамды (алма,печенье т.б) бермеу. Тырнақтарды кеміру,  тырнақпен тістің арасын, мұрынды шұқу және т.б. сияқты әдеттермен күресу қажет. Науқасты таңертең, кешке сабынмен жылы сумен жуындыру керек, кейін қолды жуып, тырнақтың астын тазалау қажет. Балаларды балағы қысып тұратын іш киімде ұйықтату қажет, іш киімді күнде ауыстырып, шешілген киімді қайнатып, үтектеп тұру керек. Түнде тік ішекке мақта тампонын қойып жату керек. Жататын киімдерді  әр 2-3 күн сайын үтектеп тұру қажет. Күн сайын үй жайды жуатын және дезинфекциялық заттармен ылғалды жуып- жинау жүргізу керек. Балалар қолданатын ойыншықтарды сабын – содалы сумен жуу. Жұмсақ ойыншықтарды қағып, сілкіп күн көзіне жайып алу керек. 
       Науқас анықталған жағдайда  барлық отбасы мүшелері тексеріледі.  Энтеробиоз анықталған жағдайда барлығы емделуі тисті. Алдын-алу шараларын жүргізу-балалар ұжымы арасында және отбасымен қатар жүргізілмесе, энтеробиозбен күресу нәтижесіз болады.   Мектепке дейінгі мекемелеріне баратын балалар, сонымен қатар балалар және тағам мекемелерінің барлық   қызметкерлері жылына бір рет міндетті түрде энтеробиозға тексерілуі қажет.

       Т. МАҚҰЛБАЕВА,Әл-Фараби ауданы ТҚҚБ жетекші маманы


Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика