қызғылт семізот — родиола розовая (золотой корень)- Rhodiola Rosea L.
Жасақшөп тұқымдасы – Семейство Толстянковые- Crassulaceae DC.
tories/d0bdd0b5-d0b2-d0b3d0bed180d0b0d185.jpg» width=»300″ height=»225″ alt=»d0bdd0b5-d0b2-d0b3d0bed180d0b0d185″ style=»margin-top: 5px; margin-right: 10px; float: right;» />
Сипаттамасы. Биіктігі 50 см жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жуан, тамырсабағы қабыршықты қысқа, жарғақ тәрізді үш бұрышты жапырақ. Сабағы бірнеше, кейде көп, түзу тәрізді өседі. Жапырағы жасыл отырыңқы, ұзын, эллипстей, жиектері бүтін, тек үш жақтары бірнеше ара тісті. Гүлшоғыры қалқаншагүл, көп гүлді, қалың, гүлі екі үйлі, 4 кейде 5 бөлікті тостағаншылары ланцет таспа тәрізді немесе ұзынша, сары әрі жасылдау. Аталығы 8 (сирек 10). Аналық астындағы қабыршақтар таспа ұзынша,жоғарғы бөлігі ойықты. Тұқымшалары таспа-ланцет пішінді. Мамыр –маусымда гүлдеп, тұқымы маусым – шілдеде піседі.
Медицинада тамырын, тамырсабақтарын пайдаланады, оларды тамыз қырқүйек айларында тұқымы піскен кезде әзірлейді.
Таралу аймағы. Қазақстан жерінде Алтай, Тарбағатай, Жоңғар тауларында кездеседі.
Экологиясы. Ылғал сүйгіш өсімдік. Альпі, субальпі тау белдеуінде (1500-2400 м), тас арасында, өзен жағасында, бұта қауымында, ылғалды тау шалғынында, кейде қау құрайды.
Қоры. Өте құнды дәрілік өсімдіктің жерасты бөліктерін қазып алу жұмысы орынсыз жүргізіліп келеді. Ешқандай қорғау мәселесі қойылмаған. Соған Байланысты жылдан жылға шикізат қоры және қызғылт семізоттың өсіп-өнетін жер көлемі азайып отыр. Өсімдік тамыры сабақ тамырын қазып алған соң оның қайтып өніп-өсуіне, бұрыңғы қалпына келуіне 10-15 жыл керек. Семізот Қазақстан «Қызыл кітабына» енген. Оның қауын және дәрілік шикізатын молайту мақсатында оны ресми түрде қолдан өсіру мәселесі қойылған жөн. Бұл өсімдікті көп жерлерде мәдени түрде өсіруде, соның бірі-Қазақстан бас бағы.
Химиялық құрамы. Жер асты бөліктерінде көмірсулар глюкоза және фруктоза 2,3 процент, сахароза 0,5 процент, седогептулоза, органикалық қышқылдар- щавель, алма, янтар, лимон, терпеноидтар- розиркдин, розиридол, лактондар, эфир майы 0,8-0,9 процент, стероидтар, алкалоидтар, қош иісті қосылыстар-розавин 1-2,5 процент, розин, розарин, фенолды гликозидтер-тирозол 0,25 процент, родиолозид, салидрозид, фенолкарбон қышқылдары, иілік заттар 15,9-20,25 процент, флавоноидтар-кемпферол, астрагалин, трицин, родионин, родиозин, антрахинондар. Жер беті бөліктерінде органикалық қышқылдар, иілік заттар, флавоноидтар бар екені анықталды.
Қолданылуы. Тамыры мен сабақ тамыры ресми дәрілік шикізат. Спиртті сығыны организмнің жалпы және жүйке жүйелерінің әлсіздіктері мен қажу, жұмыс істеу қабілетінің кемуіне, вегетативті-қан тамыры тонусының құбылмалығы кезінде, психикалық ауруымен ауырғанда, жүйке жолдары ауруларына қуаттандырғыш дәрі.
Халық емшілері өсімдіктің қайнатпасы және тұнбасымен жатырдан қан ағу, етеккірдің шамадан тыс көп келуін іш өту, қызба қалтырау, бас ауырғанда құрқулақ(цинга), шаршағанды басуға, жұмыс істеу қабілетін арттыруға, зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандап, сырқырап, ісініп ауруына(подагра), қантты шыжының (сахарный диабет), бақатамақ (скрофулез), асқазан ауруларын, қан аздықты (анемия), өкпе құрт ауруын, бауыр және тіс ауруларын, белсіздікті емдейді. Көздің дәнекер қабығының қабынуына, іріңді жараға, тері бөртпесіне қолданады, ыстық басады, қыздырады. Қызыл иек іріңдегенде жағады. Сібір халық емінде семізот тамырын адамның қуатын арттыру және әлдендіру ретінде пайдаланады. Жүйке, асқазан, қызба ауруларына қарсы дәрі. Тамақ өнеркәсібінде адам бойын сергітетін түрлі сусындар дайындайды.
Leave a Reply