Егер асқазаныңыз мазалап жүрсе…

Егер сізге дәрігер тексерулері сіздің асқазаныңызда қышқылдың жоғары екенін анықтаса, асқынудың алдын алу үшін алдымен кәдімгі араның балы көмекке келе алады. Ол үшін 30-35 грамм балды стакандағы жылы суға салып ерітіп, тамақ ішуден 1,5-2 сағат бұрын болмаса тамақ ішіп болған соң 3 сағаттан кейін ішу керек. Бал қосылған суды күніне 3 рет ішесіз. Балдың бір тәуліктік мөлшері 70-100 грамм. Бірақ біпнәрсеге абай болыңыз. Бұл емді қабылдап жүргенде  басқа тәттілерді қолданбағаныңыз жөн.
 Асқазан қышқылы жоғары адамдарда балды суды таңертең ішу, қыжыл туғызуы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін балға сүзбе болмаса, сүт қосу керек.
 Асқынудың алдын алудың тағы бір жолы бар.  Кәдімгі картоптың сөлін сығып алыңыз да стаканның төрттен бір бөлігін толтырып тамақ ішуге жарты сағат қалғанда күніне үш рет ішіңіз. Күн өткен сайын бұл мөлшерді көбейте беруге болады. Емделу мерзімі 4-5 апта.

 Емделудің үшінші жолы. Көмекке мияның тамыры келеді. Майдаланған тамырға 1стакан қайнаған су құясыз, жарты сағаттай ыстық су буында ұстайсыз. Содан кейін 10 минуттай бөлме температурасында қалдырып, сүзесіз. Бір ас қасықпен күніне үш рет тамаққа дейін пайдалануға болады.
 Емделудің төртінші жолы: адам асқазанындағы қышқылды тауық жұмыртқасының белогы  айтарлықай қалпына келтіре алады. Жұмыртқаның ақ бөлігін тамақтың алдынды салқындатылған қалпында ішеді. Асқазан аурулары асқынғанда тауық жұмыртқасының белогынан буға пісіріліп дайындалған амлет аса пайдалы.
 Емделудің бесінші жолы. Асқабақтың денсаулыққа пайдалы екенін адамдар ерте заманда-ақ білген. Суға немесе сүтке пісірілген асқабақ ботқасы асқазан қышқылының азаюына әсерін тигізеді. Сол үшін асқабақтың ұзаққа шыдайтын түрін алып, үйіңізде сақтасаңыз қажет кезінде пайдасын көре аласыз.
 
Картоп  шырынын дайындаудың жолдары
 Картоп шырыны пайдаланар алдында әзірленеді. Ол үшін сізге  құлпынай қажет. Құлпынайдың сөлін сығып аласыз болмаса үккіштен өткізесіз, дайын массаны  сүзгіден өткізуге тура келеді. Дайын болған шырынды енді картоп сөліне араластырасыз. Ем үшін жарты стакан шырында күніне екі рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын пайдалану керек. Емдеу мерзімі 3-5 аптаға созылады.
 Картоп шырынын асқазан жарасының асқынуының алдын алу үшін күзде және көктемде ішкен пайдалы. Бұл шырын асқазан жарасының алдын алып қана қоймайды, іштің қатып жүрмей қалуымен, асқазан қыжылы сияқты жағымсыз  әсерлерден құтқарады.
 Сондай-ақ  аурудың алдын алу үшін түрлі шөптердің тұнбасын әзірлеп қоюдың да пайдасы көп.
 Дәрілік түймедақтың тұнбасын әзірлеу үшін 2 ас қасық ұнтақталған түймедаққа 1 стакан ыстық су құйып жарты сағат тұндыру керек. Тұнбаны жылы күйінде ашқарынға содан соң жатар алдында пайдаланған жөн.

Қызанақтың кереметі
 Қызанақ шырынын  күнделікті пайдалану ас қорыту органдарын рактан қорғайды екен. Мұны  1985-1991 жылдары солтүстік Италияда жүргізілген ғылыми зерттеулер дәлелдеп шыққан. Зерттеуге асқазан, ішек ауруларымен ауыратын барлығы 2879 ауру тартылған.Олардың барлығы  күнделікті қажет еткен мөлшерде  қызанақ шырын ішіп отырған.
 Статистикалық мәліметтер барлық науқастардың дімкәс ағзаларында әсіресе, ісіктердің айналасында қорғаныш пайда болғанын көрсеткен.{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика