Қазіргі денсаулық сақтау саласында маңызды мәселелердің ішінде алдыңғы орынды темір тапшылығы алады. Темір тапшылығы анемиясы- организмге тамақ өнімдері құрамында темірдің жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына, асқазан-ішек жолдарының, несеп-жыныс жүйесінің және қан жүйесінің кейбір созылмалы аурулары кезінде темірді жоғалтудың көбеюіне, темірге деген қажеттіліктің артуына байланысты болатын организмнің патологиялық процесі.
Бұл потологиялық процестің бірден бір шешу жолы бұл ұнды және өзге де тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортификациялау) принциптерімен жүзеге асырылады. Жалпы фортификациялау дегеніміз- ауруды профилактикалау мақсатында енгізілген, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері.
Байыту (фортификациялау) әдістері және тамақтық азық түліктерді байыту процесінде пайдаланатын материалдар мен бұйымдар нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
Адам денесінің қалыпты, сау өсуі мен дамуы үшін А витамині, фолий қышқылы мен темір, йод, цинк сияқты минералдардың қажеттілігі өте зор. Атап айтсақ, интеллект индексі 10-15 пунктке жақсартады; ана өлімі 1/3-ке төмендетеді; жаңа туған нәресте мен балалар өлімін 40 пайызға кемітеді; еңбек өнімділігін 40 пайызға арттырады; тағам микроэлементтері жеткіліксіздігінен туындайтын соқырлық, мылқаулық, тоқтатылған жүктілік жиілігі біршама төмендеуі мүмкін. «Дастарханыңызда күн сайын қандай өнімдер болады?» деген сауалға халықтың 95,0 пайызы «нан» деп жауап береді. Кең тараған астық дақылдары бидай мен қара бидайдың өзі В1,В2,В6,Е витаминдерінің, сондай –ақ темір мен цинктің қайнар көзі болып табылады. Бірақ бидайды ұнға айналдыру, ұн өнімдерін дайындау кезінде витаминдер мен минералдардың едәуір мөлшері жоғалады. Осылайша, бидай өңдеуінен болатын шығындардың орнын толтыру, сондай-ақ дайын ұнды витаминдер мен микроэлементтермен қосымша фортификациялау адам ағзасын қажетті заттектерімен толығымен қамтамасыз етуге әкелер еді. Темір құрылымдарымен бидай ұны сияқты тағам өнімін байыту Қазақстан халқының темірді қолдануын жақсарту жөніндегі ең тиімді, ұзақ мерзімді бағдарлама болып саналады.
Л.Чиликина
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ТКҚСҚББ-ның бас маманы
Leave a Reply