СУДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі – жазғы шомылу маусымы кезінде су  айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан техногендік сипаттағы тетенше жағдайлардың да, аяқ асты орын алатын төтенше жағдайларға да ең алдымен адамдардың қатысы барын мойындауымыз керек.

Осы орайда, суда абай болу да ең алдымен тұрғындардың өзіне байланысты. Дегенмен, төтеншеліктер де қарап отырмай, өз тараптарынан халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағытта Шымкенттік ТЖ  қызметкерлері  де жергілікті атқарушы органдар және құзырлы мекемелермен бірлесіп, белсенді  іс-шаралар атқаруда.  

Сондай-ақ,  БАҚ арқылы мақалалар жарияланып, сұхбаттар ұйымдастырылып, сонымен қатар, халықпен әңгімелесу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жалпы қала көлемінде 92 суға шомылуға тыйым салу тақтайшалары мен 16 көрнекілік стендтер мен билбордтар орнатылды, 4 брифинг өткізіліп, телеарнадан 57 сөз сөйлеу, баспаларда 45 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 87 материал орналастырылды, 148 әңгімелесу жүргізіп, 16833 дана үгіт-насихат материалдары таратылды. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері аудандық полиция басқармаларының қызметкерлерімен бірлесіп 17-рейд жүргізіліп, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде атты патруль ұйымдастырылған.

Атқарылып жатқан шараларға қарамастан, жыл сайын еліміз бойынша айтарлықтай адам зардап шегеді. Өкінішке қарай, бүгінгі күні Шымкент қаласының су айдындарында шомылу маусымы кезінде адамдардың қаза болу 3 оқиғасы тіркелді. Статистикаға зер салсақ, суға кеткен адамдардың барлығы дерлік шомылуға тыйым салынған, шомылу құралдарымен жабдықталмаған және жедел–құтқару жасағының құтқарушылары жоқ жерлерде суға түскен екен. Демек, қауіпсіздік ережесін сақтап, рұқсат етілген жерлерде ғана шомылған тұрғындарға төнер қауіп жоқ деуге болады.

Осы орайда, шомылу маусымында судан келер қауіпті азайту үшін ең алдымен қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз:

— тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
         — жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

— шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

— жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

— бөгеттен, қайықтан, көпірден суға секірмеңіздер;

— суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

— түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;

— су айдындарының жағалауында балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар оларды бақылаңыздар.

— суда қауіпті жағдай жасамаңыздар.

Және бір ескрете кетер жайт, шомылу маусымы кезінде балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады, үйткені оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге қиындық туғызады. Балалардың да ең алдымен ішкі үрейі жағалаудан алыстауынан туындап жатады. Сондықтан суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда Сізге және Сіздің жақындарыңызға су жағасындағы демалыс пайдалы және жағымды болады.

Және, естеріңізде болсын! Егер Сіз қауіпті жағдайдың куәгері болсаңыз, «112» Құтқару қызметінің біріңғай ақысыз телефон нөмірін теріп алыңыздар. Көп адамдар алғашқы үрей кезінде құтқару қызметінің нөмірін ұмытып қалып жататындықтан, аталмыш нөмірді өздеріне оңай бір жерге жазып алу да артықтық етпейтінін айтады.

О. Тұртбаев

Қызмет бастығының орынбасары, жедел-құтқару жасағының басшысы-құқарушы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика