Қара зере көп ауруға ем екен

Шығыс елдерінде «Қара зере» деп аталатын май бар. Бұл майды мұсылмандар сан ғасырлардан бері барлық ауруға ем үшін қолданып келеді.

Ол Сауд Арабиясында, Мысырда жасалады. Бүгінде АҚШ пен Батыстағы мемлекеттердің ғалымдары қара зеремен СПИД-ті емдеу жолдарын да зерттеуде екен. Ал дәл қазір осы май Шымкент қаласындағы халал дүкендерде сатылып жатыр. Дей тұрғанмен, біздегі көп адам онымен қайтіп емделу керек екенін біле бермейді. Сондықтан оны кейбір ауруларға қалай қолданатынын айта кеткенді жөн көрдік.

Баспа (ангина)

Баспаға ұшыраған кезде қа­ра зере майының екі-үш тамшысын тамызғыш арқылы таңдай бездеріне тамызады. Болмаса мақтаны майға батырып, онымен таңдай бездерін сүртуге болады. Осы емді күніне үш-төрт мәрте қайталайды. Емнің ұзақтығы екі-үш күн.

Созылмалы баспа

Созылмалы ангинада мақтаны қара зере майына батырып, онымен таңдай бездерін сүртіп, сосын сыртқы аймағын маймен сүрту керек. Содан кейін мұрын­ға бір-екі тамшы май тамызады­. Егер қыздырса, мұрыннан қақы­рық түсірсе қорықпаңыз. Ол бес-он минуттан кейін тоқтайды.

Құлақ ауруы

Құлаққа бір тамшы қара зе­ре майын тамызу керек. Ол құ­лақты тазалап, ауруын басады. Жарты шай қасық қара зере майын күніне бір рет ішу керек.

Көк бауырдың қабынуына қарсы

Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық укропты қосып үш-бес минут қайнатады. Оған жеті тамшы қара зере майын қосып, бір апта ішу керек.

Мұрынның бітелуі

Қара зере майына малынған мақтаны 15-20 минут мұрынға қояды.Тұмау қатты тигенде мұны қайталайды.

Жөтел
Күшті жөтел кезінде 3-5 тамшы қара зере майын тілдің түбіне таңертең және кешке тамызады.

Кеуде аурулары және суық тию

Жарты ас қасық қара зере майын қайнап тұрған суға тамы­зып, буымен демалу қажет. ¬а­қырық түспеген жағдайда жарты шай қасық қара зере майын жарты стакан лимон шырынымен қосып ішу керек. Оған аздап бал қосып ішуге болады.

Әлсіздік

Он тамшы қара зере майын бір стакан апельсин шырынымен­ араластырып, таңертең ұйқыдан оянған мезгілде ішу керек. Мұны 10 күн бойы қайталайды.

Белсіздік

1,5 стакан бал, 1 стакан кепкен өрік, 1 стакан мейіз, 2 лимон­ қабығымен, 1 стакан грек жаң­ғағын ұнтақтап, араластырасыз. Осы қоспаны тамақ жеуден бір сағат бұрын 1 ас қасығымен кү­ніне үш мәрте қабылдайды.

Жыныс жолдарының қабынуы

Жақсылап жуынып, жатар алдында ауырған жерге қара зере майын жағу керек. Емді 7-10 күн қайталайды.

Мастит

Кеудені қара зере майымен сылап, компресс қою керек. Оны тәулігіне екі рет, таңертең және кешке ауыстыру қажет.

Шаштың түсуі

Шаштың түскен жеріне қара зе­ре майын жағады. Сонымен бірге, тамақтан 15 минут бұрын, таңертең және кешке, жарты шай қасық қара зере майын 1 ас қасық бал қосылған жарты стакан сумен ішу керек.

Бұл қара зере майын жоғарыда айтқандай, халал дүкендерден табуға болады. Бағасы аса қымбат емес, ол 850-1200 теңге аралығында сатылуда.

С. САЙЛАУҰЛЫ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика