ШЫМКЕНТТЕГІ УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАҢА КЛИМАТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкенттегі университетте Нобель сыйлығының лауреаты жұмыс істейтін болды.  Атап айтсақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жұмыс істейтін болды. Жоғары оқу орнында сенсациялық оқиға — «Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономикасы орталығы» ашылды.
«Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономикасы орталығы» жасыл технологиялар және климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығына әсерін қысқарту қағидаттарында экономикалық дамудың жаңа моделін енгізу жөніндегі Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы институт болмақ.
Орталық Азия елдерінің жаңа климаттық экономика бағдарламасын әзірлеумен айналысады және үкіметтермен, халықаралық ұйымдармен және бизнес субъектілерімен Климаттық экономика қағидаттарын енгізу бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Халықаралық және шетелдік ұйымдар тарапынан гранттық қаржыландыруды тартатын болады, жаңа климаттық экономика (ҰЭК) мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне бастамашылық жасайды. Бұдан басқа магистрлік және PhD бағдарламалары үшін жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобалары негізінде жаңа білім беру бағдарламалары, оқу материалдары әзірленетін болады.
​Сондықтан Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы ОҚУ жанынан осындай орталық құру — оңтүстік өңірдің экономикасындағы университеттің өсу нүктесі болмақ. Бұл әсіресе университет ғылыми — зерттеу университетіне ауысу барысында бизнес-ортамен интеграцияланған ғылымды дамытудың жаңа моделін құрмақ.
М.Әуезов университеті фестиваль тарихына 2020 жылы жобаны қолдаған және оның бас демеушісі болған алғашқы ЖОО ретінде енді. Өткен жылғы Нобель фестивалінің бағдарламасына университеттің 10 – нан астам ғалымдары өздерінің ғылыми қызмет бағыттары бойынша сессиялардың спикерлері мен модераторлары ретінде қатысты, ал Нобель сыйлығының лауреаты Рае КВОН Чун ЮКУ-дің жыл сайынғы «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг»ғылыми-практикалық конференциясының құрметті қонағы болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика