ТАРИХИ СӘТКЕ САНАУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов пен қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Наргиза Керімбаева, Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арай Есенбек № 8 мектеп ұжымымен кездесіп, ұстаздарды белсенді түрде референдумға қатысуға шақырды.

— Референдумға қатысу әрбір азаматтың, қоғамдағы барлық санаттағы қызметкерлер мен жұмысшылардың міндеті деп білемін. Демократиялы, ашық қоғам мен әділдікті орнатуда әрбір қазақстандықтың мүмкіндігі әрі үлесі болуы қажет,- деді мәжілісмен.

Депутаттардың қала тұрғындарымен тікелей диалогтық алаңға шығып, бас қосуының негізгі мақсаты — референдумның мән-маңызын халыққа қарапайым тілмен түсіндіру, жеткізу. Жиын соңы сұрақ-жауап форматында өрбіді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика