Түркістан облысы Келес ауданында 2021 жылдың басынан бері 98 өрт болып, апат орнынан 64 миллион 500 мың теңгенің материалдық құндылықтары құтқарылды. Бұл туралы Келес ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Хайрулла Кеңесов бүгінгі өткен аппараттық мәжілісте мәлімдеді.
Бөлім бастығының мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың басынан Келес ауданының ТЖБ қызметкерлері төтенше жағдайлардың және өрттің алдын-алу мақсатында «Өрт қауіпсіздігін сақтау» және «Су тасқынының алдын алу қауіпсіздік ережелері» сонымен қатар «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыптары бойынша «СӘТ» телеарнасы арқылы 20 рет сұхбат берсе, мекемелердегі радиотораптар арқылы 325 рет хабарлама таратқан.
Сондай-ақ, «Келес келбеті» аудандық газетіндегі осы тақырыпқа байланысты 38 мақала жарияланды. 61 рет мекеме қызметкерлері мен тұрғындар арасында жиындар өткізіліп 3 мыңнан аса адамның қатысуымен үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлар бөлімі дайындаған 32 мың 500 дана парақшалар да таратылған.
Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Хайрулла Кеңесов аудан тұрғындарын қысқы жылу маусымында барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды. Апаттың алдын алу бағытындағы үгіт-насихат жұмыстарын жандандырып, құтқаршуыларды ауылдық округ әкімдерімен бірлесе жұмыс істеуге міндеттеді.
Көрнекі фотосурет ашық көздерден алынды
Leave a Reply