“TOLEM” көлік картасын қолданушылар саны 500 мыңнан асады

“Tolem” көлік картасын қолданушылар саны 500 мыңнан асты. Оның тең жартысы мектеп оқушылары мен студенттер.
Қаламызда өтінімдерді қабылдау және көлік карталарын беру бойынша 2 офис істейді. Күнделікті транзакциялар саны 300 мыңды құрап отыр, оның ішінде транзакциялардың 85% -ы көлік карталарымен төленеді.
Бұдан бөлек, онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 170 мыңнан асты.
Қазіргі таңда, сатылған көлік карталар саны 500 мыңнан асады. Оның ішінде 230 мыңға жуығы мектеп оқушыларының және студенттердің картасы.
Сонымен қатар, жолаушылардан қоғамдық көлікте “Төлем” электронды жол жүру картасымен жол ақысын төлеуді, егер карта болмаған жағдайда СМС немесе Kaspi QR арқылы төлем жасауға болады.
2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі ендірілді. Осыған орай, автобустарда 1900 тұрақты терминал және 1200 мобильді терминал орнатылды.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық технологияларды мемлекеттік жүйеге ендіру, сәйкестендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын-ақ нәтижелі бастау алғанын айтып өткен жөн. Осы он жылдың ішінде Қазақстандағы цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады. Мәселен, қазіргі таңда eGov системасы электронды жүйеге ауысты. Қазақстанда онлайн сауда нарығы дамып келеді. Қазақстан халқының басым бөлігі цифрлы сауатты. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ түрлі операцияларды жасай алады. Бұрындары кезекте тұрып, уақытта сарп етіп, арнайы мекемеге бару керек болса, қазір Қазақстан халқы төлемді де, оның ішінде салық, айыппұл төлеу, коммуналды қызметтерді жасау секілді тағы да басқа түлі операцияны орындай алады.

Кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі, тіпті шалғай ауыл-аймақтарда интернетке қолжетімділігін арттыру. Қазақстан Республикасы бойынша орта білім беру мекемелерінде интерактивті тақта орнату, компьютермен жабдықтау қолға алынды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған жүйенің жұмысы одан әркез жетілдіріліп отырады.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасау барысында көптеген өркениетті, дамыған елдердің тәжірибесі қолданылды. Олар — цифрлық технологияны іске асыру жолында толағай жетістіктерге қолжеткен Австрия, Дания, Аустралия, Канада мен Сингапур секілді елдерді мысалға келтіруге болады.  Мысал, Австрия астанасы Вена қаласында қалалық қаржылық бюджетті дайындауда жоспарлаудың «цифрлық» принципі пайдаланылады. Соның нәтижесінде, Австрия астанасы Вена қаласының бюджетіндегі қаржының  жыл сайын екі миллион еуросын үнемдеуге көмектеседі екен. Ал, Америка Құрама Штаттарындағы Бостонда коммуналды қызмет түрлерін бақылауға арнайы мобильді қосымша бар. Ол қолданысқа енгізілгелі бері Қазақстан Республикасы тұрғындарының шағымы алпыс алты пайызға бірден қысқарған.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика