Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Серпіліс» қоғамдық қоры 25 — Қазан Ұлттық мереке -Республика күніне орай мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мақсатында байқау жариялайды.
Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс.
Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені, онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді.
Ендеше, байқауға қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметіңді көрсет!
Байқау «Үздік пост», «Үздік іс-шара», «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Жеңімпаздар Республика күніне орай өтетін жиында марапатталатын болады.
Leave a Reply