Түркістан облысы, Келес ауданында келесі жылдың егін маусымы басталғанға дейін каналдарды тазарту, ағын суды ысырапсыз межелі жеріне жеткізу бағытындағы жұмыстар басталып кетті. Бұл жұмысқа көрші Өзбекстан мемлекеті де қолғабыс жасауда. Олар трансшекаралық «Солтүстік Ташкент» каналын өз техникаларымен тазалауда.
Су арнасы Өзбекстан республикасының теңгерімінде болғандықтан кеңес дәуірінен бері табаны тазаланбаған. Бұл мәселені Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық деңгейде көтеріп, екі елдің жауапты өкілдерінің келіссөз жүргізуінің нәтижесінде шешімін тапты.
Су арнасының 19 шақырымы Келес ауданының аумағы арқылы өтеді. Өңірдегі 3 мың гектардан астам жерді суландырады. Оның ішінде Жүзімдік ауылдық округінде 550 гектар егістік, Бірлесу ауылдық округінде 1 мың 200 гектар алқап және Ақтөбе ауылдық округіндегі 200 гектар жерге су осы канал арқылы барады.
Leave a Reply