АУДАН ӘКІМІ ҰЛТЖАНДЫ АЗАМАТҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Акментай Есбаев желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуы қарсаңында ұлттық рух және жалынды намыспен еліміздің азатық алуына үлес қосқан азаматпен арнайы кездесті.

1986 жылы желтоқсан оқиғасына куә болған қыз-жігіттер бүгінде жастары елуді еңсерген ел азаматтары. Шаштарын қырау шалған «желтоқсаншылар» бүгінгі ұрпақ үшін батырлық пен елжандылықтың, қайсарлық пен табандылықтың үлгісі.Еліміздің енгемендігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен азаматқа аудан әкімі Ақментай Үсенұлы құрмет көрсетіп, сонау ызғарлы қыста егемендікке ұмтылып, толқыған қазақ жастарының тарихымыздан алар орны ерекше екенін толқыныспен жеткізді. Аймақ басшысы оған өз атынан жазылған алғыс хатын табыстады.

Халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті, осы ауыртпалықтың бәрін көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арманына ұмтылды. Осындай сындарлы кезеңде сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бен қайсарлықтарыңыз баршаға үлгі. Бұл біздің жадымыздан өшпейтін өнеге, отаншылдық үлгісі, — деді аудан басшысы.

Көрсетілген құрметке ризашылығын жеткізген Сатбаев Жеңіс Карлұлы жылы шырайда өткен басқосуда аудан әкімшілігіне осындай кездесу өткізіп, марапат көрсеткені үшін алғыс айтты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика