Шымкенттік полицейлер мектеп оқушыларына күнделікті профилактикалық сабақтар өткізуде.
Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы №137 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларына Абай ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Хурсан Атажанов «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында инспектор оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы және оқушыларға бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін толық түсіндірді. Балалар сабаққа белсене қатысты.
Жалпы бұл іс-шаралардың барлығы оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, жол қозғалысы ережесінің қатаң сақталуын насихаттау болып табылады.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.
Кезекті шара «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында №50 жалпы орта мектебінің оқушыларымен өтті.
Іс-шара барысында Абай аудандық учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Еламан Сабыралиев мектеп оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.
Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.
Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Leave a Reply