tories/df46da4276b4e07f16773be0fee325ac.jpg» width=»180″ height=»152″ alt=»df46da4276b4e07f16773be0fee325ac» style=»float: right;» />
ҚазАқпарат — Қазақстан интеграциялық үдерістер аясында өзінің ұлттық валютасынан бас тартпайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай ұлттық валюта туралы әңгімелер қайдан тарап отырғанын білмеймін. Атап айтқанда, біз бұл мәселені талқылаған емеспіз. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге осыған дейін болды және алдағы уақытта да болады»,- деп қадап айтты Б. Сағынтаев.
Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде бірқатар Үкімет мүшелерінің қатысуымен өтіп жатқан баспасөз мәслихаты интеграциялық мәселелерге арналған.
Leave a Reply