Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен мал азығын сатып алу шығындарын азайту үшін төмен пайызды мөлшерлемемен қаржы ұйымдары арқылы несие беру тетіктері қарастырылды. Бұл туралы бүгінгі өткен жиында Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев мәлімдеді.
Жеңілдетілген несие шаруаларға бір жыл мерзімге беріледі. Соммасы 1 миллион теңге қаржылық қолдауды ірі қожалықтармен қоса үй іргелік мал ұстаушылар да пайдалана алады. Несиенің тиімділігі шаруалардан оны алу үшін кепілдік мүлік сұрамайды. Несиені алуға ниет білдіргендер «Атамекен’ кәсіпкерлер палатасы Келес аудандық филиалынан қажетті ақпарат ала алады.
Жалпы, биылғы жылғы қуаңшылық шаруалардың тірлігін шатқаяқтатып жіберді. Мал азығына сұраныс артып, алып-сатар делдалдар бағасын қымбаттатып жіберген.
Бүгінгі таңда Келес ауданында 610 шаруа қожалығы мен 11 мың 190 қосалқы үй іргелік қора-жай бар. Оларды мал азығымен қамтамасыз ету үшін зерделеу анықтау ісі жүріп, нәтижесінде 14 мың 390 тонна жем-шөп қажеттілігі анықталған.
Leave a Reply