ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ЖИЫНДАР ҚОРТЫНДЫЛАНДЫ

Мемлекеттік рәміздер ұлықталған күн. Атаулы датада өткен патриоттар форумы мен мерейлі датаға орайластыра өткізілген жиындар қортындыланды. Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, биыл Шымкент нағыз патриот қала статусына ие болаған.
Серғазы Әбілқайыров, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы: «– Мемлекеттік рәміздерді ұлықтай білуіміз керек. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру. Биылғы мерекеге орай әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жалпы 5 мыңға жуық материал жарық көрді».
Азаматық ресурстық орталығында өткен брифинг барысында Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар қорытындысы айтылды. бЖиынға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Серғазы Әбілхайыров, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков, «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетова, әлеуметтік жоба жеңімпаздары және Үкіметтік емес ұйымдар мүшелері қатысты.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы С.Әбілхайыров биыл Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы кең көлемде аталып өткенін, іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.
«Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетованың айтуынша, мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатындағы «Үздік пост», «Үздік бейнеролик» және «Үздік іс-шара» байқауы да жоғары деңгейде өткен. Биыл әлеуметтік жоба аясындағы байқауға журналистер, блогерлер, ҮЕҰ мүшелері, мектеп мұғалімдері белсене қатысты. «Үздік пост» номинациясы бойынша 46 адамның арасынан жеңімпаздар анықталған. Өзге өңірдің жастары да бақ сынапты.
Үздік бейнероликтер Тәуелсіздік күніне дейін әлеуметтік желілерге қайтадан жүктелмек.
Іс-шара барысында байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. №21 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Есбол Асылбеков 18 пост жариялап, «Үздік пост» номинациясында жеңімпаз атанған еді. Ол патриоттық іс-шараларды осы бағытта жүргізу қажеттігін айтты. Азаматтық Альянсының төрағасы Ж.Білісбеков мұндай іс-шаралардың ауқымын кеңейту бойынша ұсынысын жеткізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика