Шымкент қаласындағы политехикалық колледжд студенттері арасында «Жас көшбасшылар» атты семинар-тренинг өтті. Психологиялық тренингті Жастар ресурстық орталығының психология бөлімінің басшысы Айгүл Шынтөреева, тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді жүргізді.
Семинардың мақсаты – жастардың бойындағы көшбасшылық қабілетін дамыту, көпшілік алдында еркін сөйлеуді үйрету, дейді ұйымдастырушылар.
– Өзіңді өзгерпей, өзгені өзгерту мүмкін емес. Қоғаммен араласпай, көпшілік ортада қорқатын адамдарға психологтың көмегі керек-ақ. Бүгінгі кездесуде осы тақырыпта кеңестер айтатын боламыз. Бұдан бөлек, жауапкершілік алуға қатысты білімге қазіргі жастар бей-жай қарайтыны байқалады. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасауымыз керек,-деді тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді.
Семинар барысында жастар кәсіби мамандармен ашық форматта тілдесіп, сұрақ-жауап өрбіді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының төрт бөлімшесі 14-29 жас аралығындағы жастарға психологиялық көмек беруге дайын. Жеке қабылдаудан өтуге болады.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы жолдауындағы жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып ұсыныс пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, кездесуде Әл-Фараби ауданың полиция департаментінің өкілідері қатысып студенттерге ата-ананы құрметтеу, жаман әдеттерден аулақ болып, бос уақытын тиімді пайдалану, нашақорлықтың алдын алу тақырыптары төңірегінде сөз қозғады.
«Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жастар арасындағы негізгі мәселе жұмыспен қамту, отбасы құндылығы секілді бағыттарда жұмыстар іске асырылуда. Сондықтан, жас буын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барын сезінуі керек», – деді Мағжан Исахов.
Айта кетейік, Шымкентте 245 мыңнан аса жастар болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды.
Leave a Reply