Медицина қызметкерлері біліктілігін арттырды

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен медицина қызметкерлері біліктілігін арттырды. Басқарма жетекшілерінің арнайы шақыртуымен «University Medical Center» корпоративтік қоры республикалық диагностикалық орталық филиалының аллергология, пульмонология және орфандық аурулар бөлімінің меңгерушісі, аллерголог-иммунолог дәрігері Елена Ковзельдің қатысуымен семинар өтті.
Қалалық балалар клиникалық ауруханасында өткен іс-шараға медицина ұйымдарындағы педиатр, аллерголог, иммунолог, инфекционист, жалпы тәжірибелі дәрігерлер қатысты. Семинар барысында жергілікті ақ халаттылар иммундық жүйе аурулары, иммунды терапиямен емдеу, диагностика тәсілдері бойынша біліктілігін шыңдады.
Семинардың соңында дәрігерлер бір-біріне мазмұнды ой-пікірлері үшін алғыс айтып, бұл тәжірибе алмасу емдеу жұмыстарына оң септігін тигізетініне сенім білдірді.
Семинар барысында жергілікті ақ халаттылар иммундық жүйе аурулары, иммунды терапиямен емдеу, диагностика тәсілдері бойынша біліктілігін шыңдады.
Семинардың соңында дәрігерлер бір-біріне мазмұнды ой-пікірлері үшін алғыс айтып, бұл тәжірибе алмасу емдеу жұмыстарына оң септігін тигізетініне сенім білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика